Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұл

2024 жылы 19 ақпанда 75 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұл өмірден өтті.

Ғосман Төлеғұлұлы 1950 жылы Көкшетау облысы Арықбалық ауданының Әлжан ауылында дүниеге келді.

Өзінің еңбек жолын 1968 жылы Көкшетау облысы Арықбалық ауданы «Лобанов» кеңшарында тракторшы болып бастап, өмірінің елу жылын аймақтың ақпараттық, идеологиялық саласының дамуына арнады.

Осы уақыт аралығында Зеренді аудандық «Заря коммунизма» газетінің жауапты хатшысы, облыстық «Көкшетау газетінің бөлім меңгерушісі болған ол Көкшетау облыстық әкімшілігінде, Қазақстан халқы кіші ассамблеясында, Ақмола қаласында Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жауапты қызметтер атқарды. Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы мен Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы болды.

Ғосман Төлеғұлұлының еңбек жолы лайықты бағаланып, көптеген мемлекеттік наградалармен және медальдармен, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» және тағы басқа да медальдармен марапатталды.

Ғосман Төлеғұлұлы әрдайым жоғары кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, өзім білетін барлық адамдардың арасында лайықты бедел мен үлкен құрметке ие болды.

Оны әрқашан жоғары кәсібилік, өз ісін жете білушілік, адалдық, қарапайымдылық пен адамгершілік сияқты қасиеттер ерекшелендіріп тұратын. Оны білетіндер жанының жайсаңдығы мен кеңпейілділігі үшін құрмет тұтатын.

Ғосман Төлеғұлұлы еліміздің таңдаулы кәсіби аудармашыларының бірі болды. Ол еліміздің көптеген көрнекті қалам иелерінің туындыларын орыс тіліне тамаша тәржімалап, оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленді. Өзі де өңірлік және республикалық басылымдарда жарық көрген талай публицистикалық шығармалардың авторы атанды.

Әрқашан белсенді азаматтық ұстанымымен көзге түскен ол зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық қызметпен тығыз айналысып, Ақмола облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің құрметті мүшесі болды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде ардагерлер ұйымдарының өзекті мәселелерін көтеріп, олардың дамуына зор үлесін қосты.

Осы бір жаны жайсаң асыл азаматтың жарқын бейнесі әріптестерінің, замандастары мен достарының жүрегінде, ал, есімі біздің облысымыздың тарихында мәңгі сақталатын болады.

Ақмола облыстық әкімдігі.
Ақмола облыстық мәслихаты.
Ақмола облыстық ардагерлер Кеңесі.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар