Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
РУХАНИЯТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАУЫ - АРҚА АЖАРЫ

РУХАНИЯТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАУЫ

Кітап – білімнің бұлағы, рухани азық. Экономиканы да руханиятсыз дамыту мүмкін емес. Рухы мықты елдің – еңсесі биік болары хақ.

Міне, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің шағын кітапханаларының басшыларымен болған кездесуде осы жайлар ортаға салынды. Жиынды ашып берген Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің директоры, ақын Серік Жетпісқалиев жаңа құрылымның жұмысын таныстыру үшін қор өкілдеріне сөз берді.

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының өкілі Бақыт Смағұл жиналғандар алдында елдік мүддеге орайластырылған қор жұмысынан ақпарат берді.

Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенділердің басы қосылып, манифест үндеуге қол қоюынан бастау алған қор жұмысы жандана түсті.

Қор Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды» құру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жүйесінің ел ішінде жүзеге асыру мақсатын көздейтіні баса айтылды. Бұл орайда аталған мемлекеттік бағдарламалардың жоғарыдан емес, халықтың өз ішінде шешімін табуына мүмкіндік туғызуға мүдделі. Қоғам өзара күш біріктіріп, елдің алдағы болашағының жарқын болуы үшін түйткілді мәселелерді шешуге ұмтылып, белсенді әрекет еткенде еткенде ғана түйінді тарқатуға мүмкіндік болмақ.

«Біз мемлекеттің әрбір азаматының үніне бей-жай қарамайтын халықтың пікірімен санасатын «Әділетті Қазақстанның» сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырылуына күш біріктірмекпіз. Сондықтан қазіргі таңда күнделікті өмірде көзімізбен көріп жүрген келеңсіздіктерге үн қатып, халық пен билік арасындағы кері байланысты нығайтуға атсалысатын боламыз. Еліміздің әр түкпірінде еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздіктері мен басқа әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына жағдай туғызу қор жұмысының басты арнасы болып табылады. Сіздерді де елдің алдағы өміріне белсене араласуға, Қордың әділетті де, өркендеген қоғам құру жолында қолдаушыларымыздың қатарында болуға шақырамыз» деді қор өкілі Бақыт Смағұл.

Кітапхана ұжымы өз кезегінде қордың жұмысына сәттілік тілеп, оның қағаидаларын толық қолдайтындарын жеткізді.

https://adildik.org.kz/manifest/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар