Жобалар 10 бағытты қамтиды

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев жастар саясатын іске асыру жөніндегі брифингте 10 бағыт бойынша қолға алынған жобалар туралы баяндады.

Облысымызда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін осынша бағыт бойынша жобалар қарастырылған.

– Қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезім бағытында тәрбиелеудің маңызы зор. Елімізде жастар саясатын жүзеге асыруда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты 2023-2029 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы, «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен Бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасы, Ақмола облысының  2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары басшылыққа алынып келеді, – деген Сабырхан Мейірханұлы жастар саясатының алдағы жоспарына тоқталды.

2024 жылы облыстың жастарына арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Олардың ішінде «Елге қызмет – абыройлы міндет» атты әскери қызметтен өткен жастарды жұмысқа орналастыру жобасы да бар.

Осы бағыт бойынша Қарулы Күштердің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, жастарды Отан алдындағы әскери борышын орындауға ынталандыру мақсатында Ақмола облысының жастарын әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды өткізудің 2024 жылға арналған жоспары әзірленіп, бекітілген көрінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жұмыстар Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтыңжәне Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуы және тағы басқада ұлы тұлғаларымыздың мерейтойларын атап өту аясында жүзеге асырылатын болады.

Сонымен бірге, жастармен жұмыс істеудің маңызды бағыттарының бірі – жұмыспен қамту, NEET санатындағы жастар санын төмендету, жастардың білім алуына ықпал жасау. Ал, осы жұмысты ұйымдастыру мақсатында ішкі саясат басқармасы жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Маргиналды жастар мен NEET санатындағы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды әлеуметтендіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» атты арнайы жоба қарастырған. Аталмыш жобаны қаржылай қолдау 2024 жылы 5 миллион теңгегедейін көтерілген.

Жастар саясатында волонтерлер қозғалысының маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ақмола облысының еріктілер қозғалысын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын қаржыландыру сомасы да едәуір өскен. Онымен волонтерлік қызметті дамытуға қатысатын волонтерлердің рөлін арттыру, волонтерлік жобаларды қолдау және жастарды волонтерлік қызметке тарту көзделген. Осы волонтерлік қызметті дамытудың қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы әзірленген.

Жалпы, өткен жылы жұмыспен қамту орындарына жастардан 11059 адам жүгінсе, олардың 9121-і жұмыспен қамтылған. Оның 5509-ы ауылдық жерлердегі жастар.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар