Бүгін «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры белсенділері Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» және «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Марат Қойшинмен кездесті.
Әңгіме барысында сан түрлі өзекті мәселелерге назар аударылды. Қоғамның белсенді өкілі Марат Қойшин қор жұмысына сәттілік тілеп, өзін толғандырған ойларын ортаға салды.
«Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Жаңа Қазақстан» құрамыз деп жатқанымыз рас. Әділдікті өзім көрмесем де болашақта балаларым, немерелерім көрсе екен деймін. Бұл мақсатта жаңадан ашылып жатқан Қордың елдің мұң-мұқтажын көтеріп, халықтың шымбайына батқан өткір мәселелерді шешуге барынша ықпал етеді деген сенімдемін. Еңбектеріңіз елене берсін. Сіздерге сәттілік тілеймін» деді Марат Молдашұлы.
Өз кезегінде Қор өкілі Бақыт Смағұл Манифест-Үндеуінің негізгі қағидаларымен таныстырып, «Әділетті Қазақстанды» құру жолында еліміздегі реформалардың жүзеге асырылуына жасалып жатқан қадамдар жайлы айтып берді.
Абзал Алпысбайұлы,
Ақмола облысы