Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдардың жағдайын жеткізді - АРҚА АЖАРЫ

Жолдардың жағдайын жеткізді

Сенатор Талғат Жүнісов Қазақстан Республикасы Парламенті қабырғасында өзінің Үкіметке депутаттық сауалында еліміздегі жол саласының проблемалары туралы жария етті.

Сенатордың айтуынша, Ақмола облысының тұрғындары мен мәслихат депутаттары жолдардың жағдайына байланысты бірнеше рет шағым жазған көрінеді. Депутат жекелеген өңірлерде облыстық маңызы бар сапалы жолдардың үлесі әлі де 60 пайызға жетпейтіні туралы деректер келтірді. Тағы бір мәселе – жол құрылысының бағасын анықтау. Шетелдік мердігерлер материалдарды төмен бағада ұсынып, конкурстарға жиі қатысады. Осыған байланысты отандық компаниялар келісім-шарттан бас тартады немесе баға демпингіне бейімделуге мәжбүр болады. Бұл жолдың сапасы мен жұмыс мерзіміне теріс әсер етеді.

–Жол қозғалысының қауіпсіздігі көбінесе, жолдың сапасы мен жабдықталуына, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің болуына, сондай-ақ, олардың жарықтандырылуына байланысты. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарынан тыс жердегі жолдардың көптеген учаскесінде жарық жоқ. Бұл тек инфрақұрылымның артта қалғаны ғана емес. Қаржының шын мәніндегі аздығын, электр энергиясы тарифінің өте жоғары екенін нақты айту керек. Бұл белгілі бір дәрежеде мәжбүрлі үнемдеу мен апаттарға және қайғылы жағдайға әкеледі. Жол бойындағы сервистік қызметке немесе оның болмауына байланысты азаматтардан үнемі шағым түсіп тұрады. Осыған байланысты, осы мәселелерді кезең-кезеңімен келісе отырып, бірте-бірте шешуге кірісу қажет,– деді Талғат Жүнісов.

Сенатор сонымен қатар, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Өйткені олар, әсіресе, ондай жүк көліктеріне арналмаған жолдарды бұзып кетеді.

–Автожол саласындағы жобаларды іске асыруға отандық компанияларды тарту, жолдардың сапасы мен жан-жағын, әсіресе, ауылдық елді мекендер мен қала маңын көркейту, оның ішінде олардың жарықтандырылуын кезең-кезеңімен көбейте беруді, сондай-ақ, жол бойындағы сервисті жақсарту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды сұраймыз. Сондай-ақ, бақылауды күшейту немесе еліміздің жолдарында дөңгелек білігіне жүктеме ережесін сақтамайтын ауыр жүк машиналарының жүруіне шектеу қою маңызды, – деді сенатор.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар