Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Уақытпен үндесе отырып... - АРҚА АЖАРЫ

Уақытпен үндесе отырып…

Білім – өмірлік азық. Адамға берілетін тәрбие мен ғылым өте маңызды. Көкірегі ояу азамат қана жақсы еңбек жасап, айқын мақсат қойып, биік белестерді бағындыра алады.

Сонау ерте кезденежелгі заман философтары Сократ пен Платон, Аристотель, Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Қожа Хафиз, Науаи, Физули де өз еңбектерінде білімге ден қойған. Ахмет Яссауи қазақтың ұлы ғұламасы атанған Абайдың өзіде адамға ең қажетті құралдың бірі білім екенін баса айтқан болатын. Қазақ зиялыларының барлық ұстанымы өз елін білімге ұмтылдыру болған. Жастарды біліммен сусындатып қана қоймай, олардың бойында ұлтжандылық, патриоттық рух, адамгершілікті берік ұстануға үйреткен жөн.

Бүгінде ұлттық тәрбиеге баса назар аударылуда. Осы бағытта «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері енгізіліп отыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Ендеше, жарты ғасырдан астам тарихы бар Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі ұлттық тәрбие және білім берудің жаңашылдық  бағытын ұстанып келеді. 65 жылдың ішінде білім ордасы мыңдаған шәкіртті қанаттандырып, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет жасауға жағдай жасады.

Кеңес Одағы кезінің өзінде білімді шәкірттері түрлі салада қызмет етті. Ішкі істер бөлімінде, транспорттық прокуратура саласында көзге түсіп, біразы жазушы, енді бірі дәрігер мен мұғалім болып шықты. Кентте басты қызмет орны шахта өндірісі болғандықтан,  түлектеріміздің біразы кенші болып, еселі еңбектері үшін «Ардақты кенші»,  «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталуда.

Жаһандық үрдіс белең алған заманда тәрбие мен білімде жаңашыл тұстар өте көп. Бұны назарға алып, ұжымды біріктіріп, қызмет істеп отырған мектеп директоры К.Т.Мағзұмова, мектеп басшысының оқу, тәрбие істеріжөніндегі орынбасары С.Т.Қамзина мен А.Б.Мұхаметжарова мектептің  даму мақсатын айқындауда. Оқушылардың  әлеуметтік  жағынан жұмыс барысын А.Е.Құсайынова үнемі басшылыққа алуда.Сондай-ақ, оқушылардың денсаулығына, психологиялық жағынан қолдау көрсету мақсатында мектебімізде психолог кабинеті де жұмыс жасайды. Жаңа заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген психолог кабинетіне оқушылар жай демалуға да келеді. Сенсорлық бұрышқа деген қызығушылықтары басым. Оған қоса, тәрбие бағытында «Біртұтас тәрбиебағдарламасын»  негіз етіпотырғандықтан ата-аналарды қолдау орталығы да жұмыс істейді. Соған сай, «Даналық мектебі», «Жеңгелер», «Әкелер», «Аналар», «Әжелер» секциялары белсенді шаралар жүргізуде. Қайырымдылық жобасыата-аналардың қолдауымен  әрі А.А.Оспанованың ұйымдастыруымен іске асырылады. Онда «Қарлы десант», «Мейірімді жүрек» топтары, кент халқының осал топтарына үнемі көмек қолын созады. Әр жұмыс, өткізілген іс-шара ата-анамен тығыз байланыста ұйымдастырылады.

Сонымен бірге, оқушылар мектеп Парламенті жұмысын «Өзін-өзі басқару» ұйымы арқылы жүргізіп келеді. Бос уақыттарында дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, түрлі спорттық  жарыстар, кездесулер, пікірталас сайыстары көптеп өткізіледі. Және де волейбол, теннис, баскетбол, тоғызқұмалақ секциясы, IT, домбыра, шахмат үйірмелері тұрақты жұмыс істейді. Бұл тұрғыда балалардың облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктері де бар. Талап, ар-ұят, ұлттық мүддені негіз еткен тәрбие жұмысындағы әр іс-шара интернет желісі мен мектеп сайтына орналастырылып, көпшілікке хабардар етіліп отырады.

Айта кетейік, білім ордамызда «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша біраз нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Оны басшылыққа алып отырған мектеп кітапханашысы Г.П.Құсайынова. «Балалар кітапханасы»бағдарламасы бойынша алдағы екі жылға өз жоспарын құрып, мақсат-міндеттерін айқындады. Мектеп қоры 21908 кітаптан тұрады. Оның 10646-сы оқушылар оқулығы, көркем әдебиет саны – 11262, ал, электронды оқулықтар – 272. Әр жыл сайын кітапхана қоры жаңа кітаптармен толығып отырады. Соңғы төрт жылдың өзінде 678 кітап қорға енді. Мектебіміздің оқушылары толықтай оқулықпен қамтылған деп айта аламыз.

Осылайша, білім мен тәрбие беру мақсатында мектеп ұжымы ынтымақтаса қызмет атқарып келеді. Білімді, ұлтжанды, адамгершілігі мол ұл мен қыз тәрбиелеу – оқу ордамыздың мызғымас бағдары. Мақсаты айқын, болашаққа өз жоспары бар, оң нәтижесі көрініп отырған  мектептің алар асуының  алда екеніне сенімім кәміл.

Алмагүл МҰХАМЕТЖАРОВА,
Бестөбе кентінің №1 жалпы білім  беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар