Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

– Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті.

14 наурыз – «Көрісу күні» («Амал» мерекесі) дәстүр бойынша көршілерге сәлем беретін уақыт.

Амал мерекесі
Фото: Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Бұл күні алғаш рет Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының мәдениет майталмандары, мәдениет қайраткерлері ұзақ қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысты.

Амал мерекесі
Фото: Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Әдемі-ау» би ансамблінің жетекшісі Расизма Сучкова, солистері Ғалымжан Нұрпейісов, Еркебұлан Кәріпов және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблінің ұжымы мен жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева облыс шекарасы аумағында кездесу өткізді.

Амал мерекесі
Фото: Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Татулық пен бауырмалдыққа шақыратын тағлымы мол мерекеде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мен Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Әубәкіров жұртшылықты Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күнімен құттықтады.

Амал мерекесі
Фото: Ақмола облысының мәдениет басқармасы

«Біздің еліміз үшін достық пен ынтымақты үлгі ететін осындай жарқын мерекенің маңызы зор. Сондықтан бүгінгі шарада баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!», – деп атап өтті Айгүл Сәбитова.

Амал мерекесі
Фото: Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Амал мерекесінде қос филармонияның өнер ұжымдары қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Амал мерекесі
Фото: Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалықтар биыл Наурыз мейрамын ерекше нақышта тойлайтынын жазған едік.

Амал мерекесі
Фото: Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар