Ұлу жылының ерекшелігі

 Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық болмайды. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Түркі жұрты оның ішінде қазақтар да ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған.

Соған қарағанда бұл халық үшін жайлы, жұмсақ жылдар қатарынан орын алса керек. Кей жылдары ұлу да жайсыз келіп отырған. Оған Бейімбет Майлиннің “Ұлу” деген өлеңі (1917) дәлел болады.

Ұлу келіп көтерді елдің обалын,

Мал жұтатып, сынын алды қораның.

Нақ ұлудай ұлытқан жоқ қазақты,

Атышулы былтырғы өткен “қояның”.

1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, Қазақстандағы байлардың мүлкін тәркілеп, өздерін Сібірге жер аударған 1928 жылғы голощекиндік кәмпеске де Ұлу жылында болған.

Дегенмен, ұлу жылы өте жайлы, жұмсақ жыл болып есептеледі. Стихиялық белгісі – ағаш. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Кемшілігі: тез ренжігіш, қырсықтау келеді.

Ұлулар туралы қызықты деректер

 Ұлулар соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді.

Қызықты деректер:

  • қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;

– бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;

– ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;

– өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;

– ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан көп;

– тістерінің саны кез-келген акуладан көп;

– өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады;

– ең үлкен түрі – австралиялық ұлу, салмағы – 40 келі, ал, ұзындығы – 30 сантиметрге дейін жетеді.

Эволюция теориясының негізін қалаушы Чарльз Дарвин, ұлулар кез-келген жағдайға бейімделе алатын тіршілік формасы екендігін мәлімдеген.

Ұлу жылы туған ұлы тұлғалар

 Бір мүшел сайын дүниеге келген кемеңгер Жер тұрғындарын ғаламшардың әр түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады.

Бұл тізімді шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям (1048) бастаса, атақты жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы Эдгар По (1810), әйгілі қаламгерлер Льюис Кэрролл (1832), Дж.Р.Толкиен (1892), Иосиф Бродский (1940), Максим Горький (1868) де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан.

Ал, әлемнің жаратылысы мен тылсымына көз тіккен философтар арасынан “фашизмнің рухани атасы” Фридрих Ницше (1844), коммунизмнің “көкесі” Фридрих Энгельс (1820), Освальд Шпенглер (1880), Жан-Жак Руссо (1712), әйгілі Иммануил Кант (1724) осы жылы дүниеге келіпті.

Саясатқа қатысы барлардың арасында өжет қыз Жанна д’Арк (1412), орыс патшасы Николай II Романов (1868), Америка президенті Авраам Линкольн (1810), Эрнесто Че Гевара (1928), Ресей Президенті  Владимир Путин (1952), Франсуа Миттеран (1916), Эдуард Шеварднадзелерді (1928) атауға болады.

Ұлу жылы туған саясаткерлер арасында Нұрсұлтан Назарбаев (1940) та бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар