Күннің жылынуы істің жайын қиындатып жіберді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Су тасқыны кезеңіне жергілікті атқарушы органдардың дайындығы туралы» брифингке Есіл ауданы әкімінің орынбасары  Асқарбек Мақсұмхан мен Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Қамбатыров қатысып, өз өңірлеріндегі мән-жайды баяндады.

Есіл ауданының әкімі бекіткен «Көктемгі кезеңдегі су тасқынынан су басу қаупі бар Есіл ауданының елді мекендерін инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Ленинское, Московское, Двуречное ауылдарымен Есіл қаласы бойынша тиісті шаралар қабылданған. Көпжылдық бақылаулардың нәтижелерінде, Есіл аумағына Есіл, Жаныспай, Қызылсу өзендері қауіп төндіреді. Аталған өзендердегі қысымның алдын алу үшін 1250 шаршы метр мұз жару жұмыстары жүргізілген.Сондай-ақ, аудан бюджетінен «Төтенше резерв» бағдарламасы бойынша 21 миллион, шұғыл шығындарға арналған резервке 10 миллион, Төтенше жағдайларды алдын алу және жоюға 5миллион теңге бөлінген.

– Жергілікті атқарушы органдар, барлығыон бес тонна жанар-жағармай, 4600 дана қап, алты жүз тонна инертті материал дайындады. Жеті мотопомпа бар. Ауылдық округ әкімдіктерімен қосымша техника ұсыну бойынша меморандумдар жасалып, 17 техника әзірленді. Ағымдағы жылдың ақпан, наурыз айларында шаруашылық жүргізуші субъектілердің техникасын тарта отырып, Есіл қаласының көшелерін қардан тазарту үшін төрт сенбілік өткізілді. 20 наурыздағы жағдай бойынша 76200 текше метрден астам қар шығарылды, – деді Асқарбек Мақсұмхан.

Есіл ауданы аумағында барлығы 224 су өткізу ғимараты бар болса, олардың 78-і республикалық маңызы бар автожолдарда орналасқан. Биылғы жылы қосымша «Есіл-Орловка» аудандық маңызы бар автожолда диаметрі үлкен 9 дана су өткізу құрылысын ауыстыру бойынша 182 миллион теңге көлемінде жобалық сметалық құжаттама әзірленген. Құрылыс жұмыстары өтінім облыстық деңгейде бекітілгеннен кейін басталатыны белгілі болып отыр.

Ал, Егіндікөл ауданына келсек, аудан әкімінің су тасқыны кезеңіне дайындық туралы қаулысына сәйкес іс-шаралар жоспары әзірленген. Жедел-құтқару жасақтарына инженерлік қызмет, коммуналдық техникалық қызмет, жол және көпір қызметі, көлік қызметі, медициналық қызмет кіреді. Және де тоғызтехника, бір мың қап, қырық тонна құм, сексен тонна сүзгі дайындалып, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті бюджеттен жанар-жағармай сатып алуға 1,3 миллион теңге бөлінген.

– 12 эвакуациялық пункт жұмылдырылды. Аудандық жолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 8,8 миллион теңге қарастырылды. «Егіндікөл су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнымен келісім-шарт жасалды. Егіндікөл ауылының жол желісін күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 1,1 миллион, елді мекендерден қар шығаруға жалпы сомасы 3миллион теңге көзделді. Осы кезге дейін барлығы 16765 текше метр қар шығарылды, – деп аудан әкімінің орынбасары су тасқыны кезеңіндегі дайындығына тоқталды.

Сонымен бірге, елді мекендерден қар шығару және су өткізгіш құбырларды тазалауға 13 техника жұмылдырылған. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қосымша техникалары пайдаланылатыны айтылды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар