Соңғы тәулікте Атбасарда 164 адам эвакуацияланды – Ақмола облысы

– Атбасар ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Соңғы тәулікте аудан бойынша 164 адам эвакуацияланды, оның 11-і мүмкіндігі шектеулі адам, 1-уі жүкті әйел және 50-і бала.

Ақмола облысы
Фото: Ақмола облысы ТДЖ баспасөз қызметінен

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері Атбасар ауданында барлығы 411 адам эвакуацияланған болса, оның 127-сі бала, 12-сі мүмкіндігі шектеулі жан және 1 жүкті әйел бар. Су басқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге шығару әлі де жалғасып жатыр.

Ақмоал облысы
Фото: Ақмола облысы ТДЖ баспасөз қызметінен

«Атбасар ауданында 100-ден астам үй мен 1 мектепті су басты. Тасқын суға қарсы шараларға жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғаудың жеке құрамынан 50-ден астам адам жұмылдырылған. Соңғы бір тәуліктің ішінде аудан бойынша 164 адам эвакуацияланды, оның 11-і мүмкіндігі шектеулі адам, 1-уі жүкті әйел және 50-і бала. Бұдан бөлек, тәулігіне 49800 текше метр су сорылып, инертті материал салынған 400 қап төселді», – деді ведомстводан.

Ақмола облысы
Фото: Ақмола облысы ТДЖ баспасөз қызметінен

 

Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасар ауданында 50-ден астам адам эвакуацияланғанын жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар