Көкшетаудағы ТЖ дәріханасының жанындағы жаяу жүргіншілер көпірі ретке келтіріледі

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса ТЖ дәріханасының жанында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінің жай-күйімен танысты. Су тасқыны салдарынан зақымдалған көпір шұғыл жөндеуді қажет етеді.

“Біз бұл көпірдің қала инфрақұрылымының маңызды элементі екенін түсінеміз және оның жағдайын қысқа мерзімде жақсарту үшін бар күшімізді саламыз”, – деп атап өтті Бауыржан Ғайса жергілікті тұрғындармен кездесуде.

Тексеру қорытындысы бойынша әкім жауапты тұлғаларға көпірді жөндеу бойынша тапсырмалар берді. Жоспарларда -жол төсемін қайта құру және кірпіш төсеніштерін ауыстыру бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар