Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2025 жылы елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді - АРҚА АЖАРЫ

2025 жылы елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі Өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 Қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ауыл шаруашылығы санағының мақсаттары мен міндеттері ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдайы, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, әрбір санатының рөлі егжей-тегжейлі туралы толық деректер алу, ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу болып табылады.

Осыған байланысты 2024 жылдың 20 ақпанында облыс әкімнің өкімімен мемлекеттік органдар ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жұмысын үйлестіру және осыған байланысты туындаған барлық мәселелерді  шешу үшін облыстық комиссия құрылды және 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ауыл шаруашылығы санағы (sanaq.gov.kz) арнайы веб-порталда кәсіпорындар, шаруа немесе фермер қожалықтары және жеке қосалкы шаруашылықтардың иелерінің өздері санақ сауалнамаларын толтыру, интервьюерлердің деректерді жинау, бұл үшін планшеттерді қолдану әдістерімен жүзеге асырылады.

Санақ сауалнамаларын, әдістемені, ақпараттық жүйелерді, дала жұмыстарын жүргізу, бюджетті бағалау, интернетті қамту сапасын және интернетсіз ақпараттық жүйелер жұмысын апробациялау үшін 2024 жылы тамызда облыстың үш елді мекенінде  10 күнге (Атбасар қаласы, Сандықтау ауданының Владимировка, Зеренді ауданының Айдарлы ауылдары ) пилоттық  зерттеу жоспарланған.

Сонымен қатар, 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу үшін биыл мемлекеттік органдарға бау-бақша және саяжай бірлестіктерінің тізімін қалыптастыру, (әділет органдарда тіркелген бірлестіктер өзектендіру,   бірлестіктердің нақтыланған тізімдерін жасау), облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тізбесі мен шекараларын нақтылау, облыстың қалалары мен ауылдық елді мекендеріндегі көшелердің атауларын ретке келтіру, картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталары мен сұлбалық жоспарларын) және басқа да шараларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізу керек.

Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті
республикалық мемлекеттік мекемесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар