Бұлкүндері Көкшетау қаласының тұрғыны, 31 жасқа енді толатын Сұлтан Едігенің бойына жабысқан дерт қайтадан сыр беріп, жас жігіт ауыр халде өмір үшін күресіп жатыр.
Осыған дейін Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқып жүрген жерінен жол-көлік апатына ұшырап, соның салдарынан аяғында пайда болған ісік қатерлі ісікке айналып кеткен Сұлтанға Түркияда ота жасалып, сырқатының беті бері қарап еді.
Содан бері туған жеріне оралып, Көкшетау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп жүрген азаматтың сол жолы стамбулдық дәрігерлер сүйекке қойған протезі таяуда сынып, сүйектің өзі іріңдей бастаған. Сондықтан, күннен күнге халі ауырлай түскен жас жігітке Түркияда жасалған алғашқы отадай, тағы да ақылы ота керек болып отыр. Туыстары байланысқа шыққан түрік жағы оны жасап, Сұлтанға шұғыл түрде көмек беруге әзір. Тек мындағы қарапайым жандарды қинап, екі қолды байлап отырғаны отаға қажет 20 мың АҚШ доллары.
Сол себепті, ата-анасының екеуі де бұған дейін қайтыс болып, бұл өмірде өз табандылығымен, имандылығымен қайыспай келе жатқан қазақтың осы бір жанкешті жігітінің жанын қинаған қатерлі остеомиелит дертін жеңіп шығуының тек бір ғана жолы бар. Ол – алғашқы отада Нұр-Мүбарак университеті мен басқа да дін жолындағы жамағаттың, жекелеген кәсіп иелері мен қайырымды жандардың қол ұшын созғанындай, бұл жолы да тағдыры қыл үстінде тұрған жас жігіттің басына түскен жағдайға қалың көпшілік, қалталы азаматтар бейжай қарамас деген үміт.
«Көп түкірсе көл» демекші, сырқаты сағат сайын меңдеп, шұғыл ота жасатпайынша, күннен-күге солып бара жатқан Сұлтан Едіге бауырымыздың шет елде ем қабылдауына шама-шарқынша қаржылай үлестерін қоспақ ниеті барлар ол ақшаны науқасқа мынадай жолдармен аудара алады.
Каспий кошелек: 8 771 8776109 (16.07.1993).
Каспий: 4400 4302 3956 7032
Халық банк: 8 771877 6109
Халық банк: 4405 6397 6432 7415
Байланыс телефондары: 8776 129 90 17; 8 771 877 61 09.
Алланың разылығы үшін жасалатын осы қайырымдылық шараларыңызға алдын ала алғысымыз шексіз!