Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздің егіс алқаптары суармалы сумен қамтамасыз етілуде - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздің егіс алқаптары суармалы сумен қамтамасыз етілуде

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 3,9 миллиард текше метр су берді.

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы диқандарға 1,8 миллиард текше метр суармалы су берді. Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарына 982 миллион текше метр су жеткізді. Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларды 408 миллион текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті.

Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 224 миллион текше метр, Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 210 миллион текше метр су берді.  Ал, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы диқандарға 143 миллион текше метр су берсе, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларына 118 миллион текше метр су жеткізді.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы диқандарды 58 миллион текше метр сумен қамтамасыз етті. Қарағанды облысы бойынша  егістіктерге 11 миллион текше метр су берді.

Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы алқаптарға 6,5 миллион текше метр су жіберсе, Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 5 миллион текше метр суармалы су жеткізді. Ал,  Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы диқандарға 3,75 миллион текше метр, Ақмола облысы бойынша егіс алқаптарын суаруға 1,2 миллион текше метр және Атырау облысы бойынша шаруаларға 0,47 миллион текше метр су жеткізіліп берілді.

 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация
министрлігінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар