Ұзақ жылдардан бері Атбасар-2 кентінің жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүрмеген болатын. Осыған орай тұрғындар Ақмола облыстық мәслихатының депутаты ретінде Ғалымхан Сахановтан осы мәселенің шешімін табуына көмектесуін сұраған еді. Екі күннің ішінде Куйбышев көшесіндегі жолға қиыршық тас төселіп, теп-тегіс болды.
Сондықтан, дер кезінде қол ұшын созған жанашыр, іскер азаматымыз Ғалымхан Банияшимұлына үлкен ризашылық білдіріп, алғыс айтамыз!
Атбасар-2 кентінің тұрғындары.