Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі артып келеді

Заманауи әлемде мемлекеттік қызметте болсын, өзге де өмірлік маңызды салаларда болсын әйелдердің орны айрықша екені белгілі. Гендерлік саясат қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Осы жерде гендерлік теңдіктің  мемлекеттік қызметтің маңызды буыны екендігін атап өткім келеді. Біздің қоғамда жүргізіліп отырған гендерлік саясатқа сәйкес, қазақстандық даму жағдайында еліміздегі әйелдер қауымына саяси және белсенді азаматтық ұстаным тұрғысынан барынша басымдық беріліп келеді.

«Әке баласын тәрбиелейді, шеше ұлтты тәрбиелейді» деген мақал тегін айтылмаған.  Қазіргі таңда, ашық және бәсекелестік тәртібінде мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін пайдаланып, өзіне сенімді және өз әлеуетін толыққанды іске асыру үшін көптеген қыздарымыз және тәжірибелі азаматшаларымыз мемлекеттік органдарда жігерлі қызмет атқаруда.

Гендерлік теңдік мәселесіне келетін болсақ мемлекеттік қызметшілердің  тең жартысынан көбі – әйелдер және бұл көрсеткіш жыл сайын артуда. Өңіріміздің мемлекеттік қызметіндегі бұл көрсеткіш қазір 65,2 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарында 434 әйел жұмыс істейді. Бұл жалпы басшылық құрамның 44,5 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш соңғы бес жыл ішінде бір қалыпта.

Бүгінгі күні облысымызда  әйел азаматшаларымыз мемлекеттік аппараттағы басшы лауазымдардың барлық санаттарында бар. Олар саяси қызметші, облыстық басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары, қала аудан әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, ауыл әкімдері, әртүрлі деңгейдегі бөлім басшылары.

Бұл гендерлік саясатты заңнамалық деңгейде де, іс жүзінде де дәйекті іске асырудың арқасында мүмкін болды. Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңында мемлекеттік қызметке кіру кезінде қандай да бір, соның ішінде жынысына немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты кемсітушілікке жол берілмейді. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларынан туындайды.

Сонымен бірге, агенттік конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізуде, бұл мемлекеттік қызметке түсуге тең мүмкіндік жасаудың маңызды алғышарты болып табылады. Мемлекеттік қызметтегі мансаптық модель әйелдердің, оның ішінде бәсекелес және тең жағдайларда жоғары тұрған лауазымдарға орналасу мүмкіндігін арттырады.

Заңнамаға енгізілген тағы бір жаңашылдық – мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалу мүмкіндіктері. Атап айтсақ, жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант есебінен үздік аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі кейбір мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалуы мүмкін. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, жас мамандардың аудандар мен ауылдық өңірлерге оралуын ынталандыруға, сондай-ақ, өңірлердегі кәсіби кадрлар тапшылығын төмендетуге ықпал етіп, мемлекеттік қызметке кіру процесін айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Осы норма заңды күшіне енген уақыттан бері Ақмола облысында 15 түлек түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды. Бұл  жас мамандардың барлығы әйелдер.

Конкурстық рәсімдердің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылған әйелдердің үлесі де артуда. Жалпы 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына өткізілген жалпы конкурстарға 5474 адам қатысты, оның шамамен жартысына жуығын немесе 48,3 пайызын әйелдер құрады. Ал, осы конкурстардың нәтижесі бойынша тағайындалғандардың 56 пайызы әйелдер.

Биылғы жылы алғаш рет облысымызда  өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілуде. Бұл жоба арқылы аймақты дамытуға атсалысатын талантты және белсенді жастар арасынан жаңаша ойлайтын көшбасшылардың, жас басқарушылардың пулын қалыптастыру көзделуде.

Құжаттарды қабылдау кезеңінде өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін онлайн-порталда 283 адам  өтініш беріп, соның ішінде  іріктеудің келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеуге жіберілген 263 адамның 110-ы немесе 42 пайызы әйел азаматшалар.

Қазіргі уақытта құзыреттерді бағалау кезеңінің нәтижесі жасақталуда. Соңғы кезең – өңірлік кадр комиссиясында әңгімелесуге 38 кандидат жіберіліп, нәтижесінде өңірлік кадр резервіне 25 маман іріктелуі тиіс.

Өңірлік резервке іріктеп алынған кадрлар 2 жыл ішінде жергілікті атқарушы органдардағы сайланатын лауазымдарды қоспағанда «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Жастардың арасынан өңірлік кадр резервіне үміткерлерді іріктеу біздің облыста индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру секілді 6 салалық бағыт бойынша іске асырылатын болады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің отбасылық және мансаптық міндеттерді қатар атқарып, бос уақытын тиімді пайдалануына кең мүмкіндіктер қарастырылды. Икемді жұмыс кестесі енгізілді, әкелерге бала күту үшін берілетін демалыстарды танымал етуге назар аударылуда. Мемлекеттік қызметте еңбек уақытынан тыс жұмыс істеу қысқарды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты белсенді жұмыс істеуде. Бұл ретте гендерлік тақырыпқа да назар аударылады.

Райхан БРАТАЕВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар