Баланы мектепке қабылдамау заңсыз болып шықты

Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне баласын мектепке оқуға орналастыра алмаған азамат жүгінді.

Бұл ретте, мектеп «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін көрсетуден бас тартқан болып шықты.

Ал, шынтуайтында, бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, осы білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.

Шағымды қарау барысында Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1 бабын бұза отырып, мұндай шешім қабылдаудыңсебептерін көрсетпей, қызмет көрсетуден бас тартқан.

Мектеп әкімшілігі мұндай фактінің орын алуын аталған мемлекеттік қызмет көрсетілетін ақпараттық жүйеде себептерді көрсету мүмкіндігінсіз мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін ғана негіздер (нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелер) көзделгенімен түсіндіреді.

Өтінішті қарау барысында департаменттің лауазымды тұлғалары арыз иесі мен мектеп басшылығына тиісті түсіндірмелер беріп, нәтижесінде бала мектепке қабылданды. Қызмет алушылардың осы тектес құқықтарын қорғау мәселесі әрдайым департаменттің тұрақты бақылауында ұсталатынын тағы бір еске саламыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар