Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Электрондық үкімет» порталы халыққа ыңғайлы болып тұр - АРҚА АЖАРЫ

«Электрондық үкімет» порталы халыққа ыңғайлы болып тұр

Мемлекеттік қызмет сол көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын қызмет түрі.

Оған қоса, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе жиынтығы.

Бұл жерде мемлекеттік қызметтің негізгі міндеттерінің бірі көрсетілетін қызметті алушылардың, яғни, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру болып табылатынын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру бағытында үлкен қадам жасады. Өмірде қандай да бір жолмен әрбір азамат некені тіркеу, бизнес ашу, жүргізуші куәлігін алу және тағы басқа да мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігіне тап болады.

Ақмола облысының әділет департаменті атқарушылық іс жүргізу саласында цифрлық технологияларды енгізудің және жаңа тәсілдердің арқасында бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн режимде алуға болатын «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» түріндегі екі мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Сөзді «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметінен бастайық. Сот актілерінің көп бөлігін борышкерлер ерікті түрде орындамайды. Мұндай жағдайларда заң өндіріп алушыға қарызды қайтаруға қолдау көрсететін атқарушылық іс қозғау құқығын қарастырады.

Мемлекеттік қызметті атқарушылық әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті көрсетудің бірнеше жолдары бар, ол көрсетілетін қызметті беруші арқылы, «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы іске асырылады. Олардың әрқайсысына тоқталсақ, аталған қызметті алғысы келетін азамат көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттарды жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне:

атқарушылық құжатты жазып беру, мәжбүрлеп орындауға жолдау және атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш;

атқарушылық құжат;

жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) кіреді.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (АІЖ ОААЖ) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына жолдайды.

Мемлекеттік сот орындаушысы өз кезегінде құжаттар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің келесі тәсілінің алгоритмі алдыңғы әдіске ұқсас болып көрінеді, тек бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» береді, олар кейіннен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

Портал арқылы «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі жайлы толығырақ айтып беру қажет. Себебі, мұның өзінің ерекшеліктері бар. Порталға жүгінген кезде тек «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес өтінішті толтыру жеткілікті екенін атап өткен жөн.

Көрсетілетін қызметті берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы және атқарушылық құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Мемлекет көрсететін қызметке сұрау салу қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген қабылдау туралы мәртебе және хабарлама жіберіледі. Аталған қызметті портал арқылы алу үшін азаматтың порталда тіркелуі және қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет.

Порталда атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін атқарушылық құжатты АІЖ ОААЖ-ға жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарламалар келіп түседі, яғни, мемлекеттік сот орындаушымен көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» оның ЭЦҚ-сы қойылған атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және ол бойынша қолхат береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабындабелгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Алайда, азаматтың көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне әрекетсіздігіне шағымдануға құқығы бар. Бұл жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның басшысының атына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы мемлекеттік қызметтің келесі түрі жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» бірлескен бұйрығының арқасында «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Осы бұйрықтың талаптары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әділет департаменттеріне портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы немесе тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Департамент құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі. Кейін құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту рәсімін құжаттайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда департамент құжаттардың жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді. Осылайша, біліктілік талаптар мыналарды қамтиды: ҚР азаматтығы, «құқық» мамандығы бойынша жоғары білімнің болуы, аттестаттауды сәтті тапсыру және Заңның 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулердің болмауы. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын департамент құжаттар тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның қысқа мәтіндік хабарламаны департамент абоненттік нөміріне немесе портал арқылы «жеке кабинетіне» хабардар етеді.

Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу және 3 ситуациялық жағдайды қамтитын практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу кезеңдерінен тұрады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделген Әділет департаментінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберілетін аттестаттау немесе аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады. Аттестаттау туралы шешім ол шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды болып табылады.

Аққу ЕСТАЙ,
Ақмола облысы әділет департаменті сот орындаушыларының
қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар