Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушылардың құқықтары қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушылардың құқықтары қорғалды

Облыстық прокуратурада

Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласының тұрғындары аудандық прокуратураға жылумен жабдықтаушы ұйымның өздеріне жіберген хабарламаларымен келіспейтіндіктерін білдірді.

Тексеріс барысында жылумен жабдықтаушы ұйымныңкөппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына жылуесептегіштері мен жылу датчиктерінің қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты оларды жаңасына ауыстыру қажеттілігі туралы хабарламалар жібергені анықталды. Егер бұл талаптар орындалмаса, ұйым жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларды жылумен қамтамасыз еткені үшін тұтыну нормасына сәйкес ақы алатынын мәлімдеген.

Алайда, бұл әрекеттерқолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келген. Яғни, аталған құрылғылардың қызмет етумерзімінің аяқталуы оларды жаңасына ауыстыруға негіз болып табылмайды, бірақ, тексеруге жатады.

Нәтижесінде қадағалау актісі бойынша хабарламалар кері қайтарылып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сөйтіп, бұл мәселеде 304 тұтынушының құқығын шектеуге жол берілмеді.

 Жалған анықтама жарға жығады

Степногорск қаласының прокуратурасы медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, жұмысқа қабылдау немесе рұқсатқұжаттарын, оның ішінде жүргізуші куәлігін алу кезінде пайдаланылғанмедициналық тексеруден өту туралы анықтамаларды қолдан жасау фактілері орын алғаны белгілі болды.

Яғни, «Ш» деген азамат белгілі бір ақыға адамдар мамандардың нақты тексеруінсіз медициналық тексеруден өткені туралы жалғананықтамалар сатып алуына көмектесіп отырған.

Осының нәтижесінде оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сөйтіп, бұл ретте де, медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерінің алды алынды.

Негізсіз ұстап қалған жарна қайтарылды

Ақмола облыстық прокуратурасы әлеуметтік медициналық сақтандыру саласы бойынша жеңілдетілген санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғады.

Прокуратура міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру (МӘМС) саласындағы заңдылықтың жай-күйінеталдаужүргізді.Жұмыс берушілер 6-дан астам бала тәрбиелепотырғанкөп балалы аналардан, мүгедектігі бар адамдардан және күндізгі оқу нысаны бойынша білімалушылардан төлеуден босатылған МӘМС жарналарын негізсіз ұстап келген.

Мысалы, көп балалы ананың жұмыс берушісі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 31 243 теңге аударған.Тағы бір жағдайда, мүгедектігі бар адамнан Қордың пайдасына 82 306 теңге мөлшерінде жарналар ұсталған. Айта берсе, мұндай фактілер аз емес. Сондықтан да, қадағалау актісі бойынша 436 адамға жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астамжеңілдік санатыныңақша қаражатын қайтару жүзеге асырылды.

Ақмола облыстық прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар