Ауыл клубы жаңара түспекші

Ақан ауылының клубында ағымдағы жөндеу жұмыстары өріс алды. Сөйтіп, бүгінгіге дейін клуб залында, костюмдер бөлмесінде және кабинеттерде ескі едендер ауыстырылды.

Сенімді электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр-монтаждау жұмыстары атқарылды. Ішкі қабырғалар әрленіп, плиткалар төселді. Кіре беріс және басқа да есік блоктары орнатылды. Сыртқы қабырғаларды сылау, сәндік сылақты қолдану және бояу, дренажды жақсарту және іргетасты қорғау үшін ғимараттың айналасындағы қуыс жерлерді толтыру жұмыстары аяқталды.

–Қазіргі уақытта жаңа қазандық пен мұржаны орнату, сондай-ақ, парапеттерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл клубтарын жөндеу ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жүргізілген жұмыстардың арқасында Ақан ауылының тұрғындары да заманауи және ыңғайлы мәдени мекемені пайдалана алады, – дейді өз сөзінде клуб меңгерушісі Аслан Есенгелдин.

Жөндеу жұмыстары 31 тамызда аяқталады деп жоспарлануда. Содан кейін клуб концерттер, көрмелер мен басқа да мәдени іс-шараларды өткізу, үйірмелер жұмысы үшін есігін айқара ашады.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар