Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты азамат У.-дың талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.
Сот барысында талапкердің аталған мекемеде күзет қызметі бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істегені анықталды. Жұмыс берушінің бұйрығына сәйкес «У.»-мен еңбек шарты Еңбек кодексінің 52-бабы 1-бөлігінің 16-тармағы негізінде бұзылған. Бұл ретте, оған қорық аумағында өз бетінше шөп шабу және мал жаю фактісі бойынша қызметтік тергеу нәтижелері себеп болған.
Алайда, У.-дың бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылмағанын, келісім комиссиясының шешімімен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылғанын, жұмыс беруші қызметкерден осы факті бойынша түсініктеме алмағанын және жазбаша түсініктеме беруден бас тарту туралы акт жасалмағанын, ескере келе, қызметкерді жұмысынан шығаруды заңсыз деп тапты.
Нәтижесінде сот шешімімен мекеме директорының У.-мен еңбек шартын бұзу туралы бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Бүгінгі таңда талапкер бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастырылып, жұмысқа жіберілмеген күндері үшін жалақысы өндіріліп алынды. Сондай-ақ, облыстық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың бұл шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.