Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тасқыннан қираған көпір қайта қалпына келтіріледі - АРҚА АЖАРЫ

Тасқыннан қираған көпір қайта қалпына келтіріледі

Көктемгі су тасқынында Есіл өзенінің тасуы салдарынан аудандық маңызы бар «Қима-Терісаққан» автожолының екінші шақырымында орналасқан көпірге зақым келген еді.

Осылайша 2 елді мекен, 3 бөлімше, 270 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабы, 20 мың бас мал оқшауланып қалған болатын. Жағдайды қалпына келтіру үшін бүгінгі таңда 800 метр айналма жол салынып, қираған көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

– Бұл көпір 1981 жылы салынған. Ұзындығы шаммен 300 метрді құрайды. Көктемгі су тасқынына және көптен күтім көрмеуіне байланысты қазіргі уақытта көпір күрделі жөндеуді қажет етеді. Осыған орай, облыстық мәслихаттың соңғы сессиясының шешімімен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 44 миллион теңге қаражат бөлінді. Халықтың әрі-бері жүріп-тұруы, егін жинау жұмыстарын жүргізу және көлік қатынасын жандандыру мақсатында көпір маңында айналма жол салынды, – дейді жағдайды түсіндірген Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқамасының басшысы Владимир Кулаков.

Қазір ауыл шаруашылығы техникасы мен өзге көліктер аталмыш айналма жол арқылы кедергісіз қатынауда. Уақытша көпірде салынған. Алайда, уақытшаның аты уақытша. Оның үстіне  тұрғындардың «қыс түскенде айналма жолмен жүру қиын болады» деген алаңдаушылықтары да бар. Сондықтан, бар үміт қайта қалпына келтірілгелі жатқан көпірде.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

  Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар