Отбасы құндылығына арналды

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Халықаралық отбасы күніне орай жас отбасыларға арналған «Family life» фестивалін өткізді.

Бұл фестиваль отбасының маңыздылығын және оның тұлға мен әл-ауқатты қалыптастырудағы рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды қолдау мақсатында өткізілді. Сондай-ақ, ол отбасының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етуі үшін де қажетті шара. Фестивальге Ақмола облысының отбасын құруды жоспарлап жүрген 18-35 жас аралығындағы жастары, некеде тұрған және 8-10 жас аралығындағы баласы бар отбасылар «Әкем, анам және мен» командасының құрамында қатысты. Іс-шара барысында отбасылар уақытты бірге өткізіп, дәрістер мен сабақтар тыңдай алды.

– Жалпы байқауға өңіріміздің аудандары мен қалаларынан барлығы 9 үздік отбасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Степногорск қаласынан Бекназаровтар, екінші орынды Шортанды ауданынан Әбутәліповтер отбасы, үшінші орындыБіржан сал ауданынан Сейтқазиндер отбасы иеленді, – дейді NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру бөлімінің басшысы Мақпал Жанарысова.

Сонымен бірге, шара соңында жеңімпаздар медальдар және дипломдармен марапатталып,бағалы сыйлықтарға ие болды. Оған қоса, барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, Көкшетау қаласының «Науан Хазірет» мешіті атынан көкөніс пен тәттілерден құралған себеттер таратылды.

Ақмола облыстық жастар ресурстық
орталығының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар