Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кезбе иттердің әуселесі – қоғам мәселесі - АРҚА АЖАРЫ

Кезбе иттердің әуселесі – қоғам мәселесі

Ақмола облыстық ветеринария басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына көшеде жүретін қаңғыбас иттерге шара қолдану туралы көптеген өтініштер келіп түседі.

Облыс орталығында өріп жүретін қаңғыбас иттер мен мысықтардың агрессивті мінез-құлқына халық арасында наразылық жылдан-жылға артып келеді. Сондай-ақ, үйлерінде ит ұстайтын адамдардың да кейде осы иттеріне жауапсыз қарауы, оларды босатып жіберіп, қадағаламауы үлкен-кішінің қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіреді және қараусыз қалған жануарлар санының өсуіне әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң бар, ол жануарлармен жұмыс істеу және оларға жауапкершілікпен қарау қағидаларын реттейді.

Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №5С-41-8 «Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» шешімінің де жеке және заңды тұлғаларға қолданылу күші бар, ол бойынша иелері ветеринариялық клиникаларда өз үй жануарларын бірдейлендіруге (чиптеуге), вакцинациялауға, тіркеуге және оларға төлқұжаттар алуға міндетті. Жануарлардың иелері немесе жауапты адамдар үй жануарларына алаңдаушылық туғызбайтын, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірмейтін немесе айналасындағыларға өзге де зиян келтірмейтін жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

Көкшетау қаласының аумағында қаңғыбас иттердің көшеде өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасауы күн сайын өсуде, көбінесе, бұл жағдай мектепке бара жатқан немесе келе жатқан қорғансыз жалғыз-жарым балаларда байқалуда. Адамдар мен балаларға 5-10 иттен тұратын топтық шабуылдар көз алдыңа қорқынышты фильмдердің көріністерін елестетеді. Әлеуметтік желілерде қараусыз қалған жануарлардың күндіз-түні адамдарға тосыннан тап беретіні туралы мысалдардың көптігін көріп те, оқып та жүрміз. Тіпті, олар қауып, тісін батырмаған күннің өзінде абалап, балаққа жармасып, әсіресе, балалар мен нәзік жанды қыз-келіншек, әйелдердің зәресін алатыны, жүйкесіне зақым келетіні даусыз.

Қараусыз қалған жануарлар адамдарға түрлі қауіпті аурулардың да тасымалдаушысы болып табылады, сонымен қатар, физикалық зиян келтіруі мүмкін. Бұл жай айтыла салған сөз емес. Мәселен, Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері иттердің шабуылынан 435 адам зардап шеккен, оның ішінде 119 бала медициналық ұйымдарға көмекке жүгінген.

Қазіргі уақытта бір қынжыларлығы, Көкшетау қаласында осындай қаңғыбас, қабаған иттерді аулау қызметі жоқ және мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың қарамағында иесіз жануарларға арналған баспана да жоқ.

Әрине, кез-келген адам қазіргі қыс күндеріндегідей, қараусыз қалған аш және тоңған иттер мен мысықтарды көргенде, аяушылық сезімінде болады. Бірақ, оларды тамақтандыру жалпы жағдайға, тұтастай осы проблемаға әсер етпейтінін есте ұстаған жөн. Қаңғыбас жануарларды тамақтандыру – бұл онсыз да күрделі қала өмірінің айналасындағы қалыптасқан ортаны ушықтыратын екі ұдай мейірімділік әрекеті. Бұл аулалар мен одан тыс аумақты ластап қана қоймайды, сонымен қатар, қараусыз қалған жануарларды бірге шоғырлануға, адамға шабу қаупінің күшеюіне итермелейді, бұл тамақтандыратын жануарлардың агрессивті мінез-құлқына әкеледі. Әдетте, қараусыз қалған иттер өздерін тамақтандыратын адамға сес көрсетпейді, бірақ, басқа адамдарға сеспен, айбат шеге қарайды. Ал, оның соңы жоғарыдағыдай адамды талауға, әсіресе, балаларды зақымдауға алып келуі әбден мүмкін. Сондықтан, көшедегі, ауладағы үлкен жанашырлықтан гөрі аз ғана нақты көмек жақсы, яғни, қараусыз қалған жануарды үйге алған дұрыс. Міне, осы айтылған жайлар біздің атқарушы және өкілетті органдарға қала іші мен өзге елді мекендердегі қаңғыбас иттер мен мысықтар проблемасын естен шығармауды, мүмкіндігінше осы мәселеге әлі де болса жіті назар аударып, адамдарды ит қауып алу оқиғаларының алдын алуды қаперге салады.

Гүлжан ХАБИДУЛЛИНА,
Ақмола облыстық ветеринария басқармасының жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар