Ақмола облысы әкімінің өкімімен Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Нұрбек Бадырақов 1988 жылы 11 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақстан халықтар достығы университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында статист, кейін жетекші маман болып бастаған.
2012 жылы осы басқармада бөлім басшысы, 2013-2015 жылдары басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016-2017 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдарының қызметін талдау және дамыту департаментінде бас менеджер, ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат көмекшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.
2018-2022 жылдар аралығында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Ордабасы ауданының әкімі, одан кейін қайта Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.