Баршамыз жауаптымыз

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақкөл қаласында қар тазалау бойынша сенбілік ұйымдастырылды. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, қыс бойы осы игі шара жалғасын тауып, қаланың жайлы әрі таза болуына септігін тигізіп келеді.

Аудан әкімі Біржан Абдрахмановтың өзі бастап шыққан тазалық акциясына қатысқан мемлекеттік қызметшілер білек сыбана,қоғамдық орындардағы қарды тазалап, белсенділік танытты.

80-нен астам қатысушының басын қосқан шараға жергілікті кәсіпорындардың қызметкерлері мен еріктілер де атсалысты, олар көшеге шығып, скверлерді, саябақтарды және демалыс аймақтарын қардан тазартты.

Қарлы бораннан кейін жиналып қалған үйінділерді белсенділер бір демде жинап тастады. Бірлескен күш-жігердің арқасында балалар алаңдары да бір тазарып қалды. Осылайша, қала орталығында тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасала түсті.

Сенбілікке арнайы техника, оның ішінде үш тиегіш және екі КамАЗ автокөлігіжұмылдырылды. Белсенді жұмыс нәтижесінде 600 текше метрден астам қар шығарылды.

– Біз аудан орталығының тазалығы бәріміз үшін ортақ жауапкершілік екенін жақсы түсінеміз. Себебі, өзіміз тұрып жатқан ортаның, айналамыздың, яғни, туған жеріміздің тазалығына әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан, мұндай игілікті іске өз үлесімізді қосуымыз керек. Мұндай қоғамдық шараларға қатысып, белсенділік таныту әрі кейінгі ұрпаққа да үлгі, – дейді қар тазалау жұмыстарына белсенді қатысқан Ермек Дәукенов. Шынында да, солай ғой.

Ы.ШАМШИЕВА.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар