Акцияны 100-ден астам адам қолдады

Мен – донормын!

«Ауыл» партиясы халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруды жалғастыруда. Мұндай жұмыстың жарқын мысалдарының бірі –Трансфузиология орталығымен бірлесіп, Ақкөл ауданында ұйымдастырылған «Мен – донормын!» акциясы.

Трансфузиология орталығының мамандары іс-шара алдында акцияға қатысушыларға дәріс оқыды. Донорлық кадрлар бөлімінің аға дәрігері Меруерт Жадыгердің айтуынша, донорлық қан – күнделікті өмірдегі аса қажет таптырмас ресурс. Бір адам қан тапсыру арқылы 2-3 адамның өмірін сақтайды. Ерікті донорлықтың арқасында апаттар мен күрделі операциялардан зардап шеккен ауыр науқастарға қажетті көмек көрсетіледі. «Мен – донормын!» акциясы осы маңызды тақырыпқа назар аударуға және қоғамда донорлық мәдениеттің дамуын қолдауға бағытталған.

Акцияны Ақкөл қаласында 100-ден астам адам қолдады. Осындай ынтымақ-бірліктің арқасында мұқтаж науқастарға құйылатын қанның едәуір мөлшерін жинауға мүмкіндік туды.

«Ауыл» партиясы акцияға қатысқан барлық донорларға, дәрігерлер мен еріктілерге шын жүректен алғысын білдіреді. Мұндай бастамалар адам өмірін сақтап қана қоймай, қоғамда өзара көмек пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз.

Партия алдағы уақытта жаңа өңірлерді қамтып, донорлық қозғалысқа адамдарды көбірек тарта отырып, осындай іс-шараларды жалғастыра түседі.

«Ауыл» партиясы Ақмола облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар