Заң және тәртіп
Бурабай ауданында биыл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге байланысты құқық бұзушылықтардың 2024 жылға қарағанда айтарлықтай өсуі байқалуда.
Тәжірибе көрсеткеніндей, мұндай қылмыстардың көпшілігі тұрмыстық жағдайда, отбасылық немесе басқа да жақын қарым-қатынастағы адамдар арасында жасалады.
Мысалы, Успено-Юрьевка ауылының тұрғыны қызғаныш салдарынан өз жұбайына көптеген дене жарақатын салып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы бір жағдайда, Щучинск қаласының тұрғыны балалық шақтағы досымен бірге ішімдік ішіп отырып, екеуара жанжалдың салдарынан оның іш қуысына пышақ жарақатын салған. Бұл да ауыр дене жарақатына әкеліп соқтырды.
Енді сотталған алдағы 3 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді.
Осыған байланысты аудан тұрғындарын қоғамға қауіпті мінез-құлық танытатын адамдарға немқұрайлы қарамауға, сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне мұндай жағдайлар туралы уақытында хабар беруге шақырамыз.
Ақмола облысының прокуратурасы.