Еліңді сүйсең, тіліңді сүй

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылады.

Қазіргі уақытта заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тілде әзірлеу саласы да ерекше назарда ұсталуда. Сондықтан, қоғамымызда орын алып отырған мән-жайларға байланысты іс-қағаздарында мемлекеттік тілдің даму басымдылығын ескере отырып, оның қолданылуының оңтайлы үйлесімдігін, қолайлы ара қатынасын қалыптастыру қажет.

Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген болатын. Кешегі ұлылардың сенімін ақтап, тіл үшін күресті жалғастыруда барлық күш-жігер, жауапкершілік алдымен, бүгінгі жастарымызға түсетіндігі айдан анық.

Ал, біз осынау абыройлы парызды қаншалықты атқарып жүрміз? Бұл сауал ана тіліміздің қадірін білетін жандардың бәрін қинайды. Өйткені, қоғамымызда мемлекеттік тілдің дамуы әлі өз деңгейінде емес екендігі белгілі.

Сондықтан, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, білуі тиіс. Бұл маңызды мәселеде ұлтына, түр-түсіне қарамастан, ешкімнің де кегежесі кейін тартпауы тиіс. Әсіресе, осыны көбіне-көп өз ұлтымыздың орысша кеткен жастары түсінсе дейсің.

Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ақын тілімен айтсақ, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Осыны бір сәт те естен шығармайық!

Ғайша АУАРИРИНА,
Көкшетау қалалық сотының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар