«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында және «DEMEU – SENIM» қорының қолдауымен 2025 жылғы 16–18 мамыр аралығында Сандықтау ауданының «Жас Даурен» лагерінде асырап алушы ата-аналар қауымдастығының 5 жылдығына орай бала асырап алушы отбасыларға арналған тимбилдинг өтті.
2016 жылы «Ана үйі» қорының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет Ақмола облысында «Патронаттық тәрбиешілер мектебі» жобасы іске қосылды. Биыл бала асырап алушылар қауымдастығына 9 жыл толып отыр. Бағдарламаны Ақмола облысында алғаш жүзеге асырған партия мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Құралай Жұмабекова. Оның айтуынша патронаттық тәрбиешілер мектебі өңірдегі жетім балалар санының азаюына үлес қосты. «Қамқор ата-аналар клубы жұмысын бастаған уақыттан бері бала асырап алушылар саны көбейіп, қауымдастықтың нәтижелі жұмысының арқасында балалар мекемелеріндегі жетім балалардың саны айтарлықтай азайды. 2020 жылы Ақмола облысында балалар үйлері жабыла бастады. Патронаттық ата-аналарға арналған «ДЕМЕУ-СЕНІМ» қоры ашылып, жүздеген бала асырап алған ата-аналарға көмек беріліп, іс-шаралар өткізіп, мықты, мейірімді, қамқор адамдардың нағыз қоғамдасы құрылды»,- деп атап өтті ол.
Үш күндік тимбилдингке Ақмола облысының әр түкпірінен балаларымен бірге 50-ге жуық қабылдаушы отбасылар қатысып, топтық тренингтер, практикалық сессиялар, дөңгелек үстелдер, рөлдік ойындар, шығармашылық шеберханалар мен кешкі іс-шараларға қатысты.
Ұйымдастырылған іс шаралардың барлығы ата-аналардың командалық рухын нығайтуға және жеке әлеуетін ашуға бағытталды.
Игілікті іс шара бала асырап алушы ата-ана үшін жаңа серпіліс, қолдау болды.
Барлық қатысушыларға партия филиалының арнайы алғыс хаттары табысталды.
![]()

