Игі бір іс
Жуырда «Aqmola Hub» өңірлік it-хабы Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп, Көкшетау «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жас стартаперлерге арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамытуға, технологиялық кәсіпкерлікті ынталандыруға және өңірдегі перспективалы стартаптар санының өсуі үшін жағдай жасауға бағытталды.
Оның аясында 16 команда мен жеке қатысушылар IT және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, түрлі салалардағы өзекті міндеттерді шешуге бағытталған өздерінің стартап-жобаларын ұсынды. Әрбір қатысушы жобаның тұсаукесерінде сөз сөйлеп, қазылар алқасы мүшелерінің қосымша сұрақтарына жауап берді.
Оны қорытындылай келе, бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Осы жолы іс-шараға қатысушылар өз идеяларын ұсынып қана қоймай, сараптамалық кері байланыс орнатуға, сондай-ақ, көпшілік алдында сөйлеу және жобаларды таныстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Шара соңында жеңімпаздарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, қатысушылар мен қонақтар шара демеушісі Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» ЖШС балмұздағының дәмін татуға мүмкіндік алды.
Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметкері.
![]()

