Жол картасы аясындағы жобалар нәтиже береді

Ауданда «Сапалы су – жаңа бастамалар» мемлекеттік бағдарламасы және «AMANAT» партиясының 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

Аудан орталығы Державинск қаласында 2021-2024 жылдарға арналған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі әзірлеген «Су жабдықтау жүйесін реконструкциялау» жобасының үшінші кезеңі іске асырылуда.

Жобаның мақсаты қаланың барлық тұрғындарын таза ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Су құбырының ұзындығы 19,4 шақырым. Өнімділігі сағатына 200 текше метр бар су тазарту станциясы орнатылған, сондай-ақ, әрқайсысының сыйымдылығы 1000 текше метр екі таза су қоймасы бар.

Қазіргі уақытта іске қосу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, станция аумағы абаттандырылуда. Жобаға шамамен 12 маман тартылған.

–Бүгінгі таңда нысан толық қаржыландырылған, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған. Бұл жоба Державинск қаласының тұрғындарының өмір сапасын арттыруда үлкен маңызға ие болып отыр, – дейді аудандық «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сергей Макрдумян.

Қазіргі заманғы жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстары халықаралық серіктес израильдік «Water Engineering» компаниясымен бірлесе атқарылуда.

–Біз тазарту жабдығын іске қосып, жергілікті мамандарды станцияны басқаруға үйретіп жатырмыз. Жоба аяқталған соң олар өздері қызмет көрсетіп, оның үздіксіз әрі ұзақ мерзімді жұмысын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті «Water Engineering» компаниясының өкілі Эльдар Агаев.

Сонымен қатар, ауданда «Шойындыкөл ауылының жер асты көздерінен су жабдықтау жүйесін реконструкциялау» жобасы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда осы жоба бойынша барлық қажетті құрылыс материалдары жеткізілді. Маусым айында су мұнарасы орнатылып, станцияны іске қосу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Электр желісін тарту және бірінші, екінші насос станцияларының аумақтарын қоршау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жобаға 16 маман тартылған.

2025 жылы жобаны аяқтау үшін қажетті қаржы толық көлемде бөлінді. Ауылда қосалқы су құбырлары салынбайды, тұрғындар суды орнатылған мұнарадан тікелей алатын болады. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылғы 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар