Жас ұрпақ саулығы деп…

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы ана мен бала және қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқашева өңірде өткізіліп жатқан Ашық есік күндерінің қорытындыларын баяндады.

Алда келе жатқан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,өңірдегі барлық медициналық мекемелерде 22 мамыр мен 1 маусым аралығына жоспарланған ашық есік күндері өтуде. Бұл шара «Қазақстан балалары» конвенциясы аясында ұйымдастырылуда.

Атаулы шара аясында медицина қызметкерлері «Салауатты балалық шақ – салауатты болашақ» акциясын өткізіп, ата-аналарға балалар денсаулығын сақтауға байланысты әртүрліқұнды кеңестер беруде. Сонымен қатар, ашық алаңдарда мерекелік ойын бағдарламалары мен асфальтта сурет салу акциялары ұйымдастырылып келеді.

БүгіндеАқмолаоблысында 228 мыңнанастам бала тұрады. Балалардыңденсаулығынқорғаумемлекеттіксаясаттыңбасымбағыттарыныңбірі екендігі белгілі. Спикердің баяндамасына сәйкес, көпбейінді облыстық балалар ауруханасында  ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында 4 мыңнан астам бала емделген. Оның ішінде 150 мүгедек бала оңалту бағдарламасынан өткен. Ал, жалпы осы оңалтудан өткен жеткіншектер саны 330. Осы уақыт аралығындағы медицина саласындағы тағы бір жетістік – мүмкіндігі шектеулі сегіз жасар балаға өңірде алғаш рет севоран препаратын қолдану арқылы стоматологиялық көмек көрсетіліпті.

–Облыста балаларға арналған оториноларингология, нейрохирургия, урология және хирургия бағыттары бойынша медициналық қызметтер  жоғары деңгейде жүзеге асырылуда Сонымен қатар, неонаталдық, аудиологиялық және психофизикалық скринингтер тұрақты жүргізіліп келеді. Бұл ерте жастағы балалар арасындағы ауруларды уақытылы анықтап, алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді,–деп атап өтті Гүлмира Мұқашева брифинг барысында.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы барлық балаларды және ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, балалардың денсаулығы мен бақытты болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар