Салауатты өмір салтын сақтаудағы маңызды буын

Денсаулық

Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруда орта медициналық персоналдың рөлі зор.

Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі профилактикалық бағытқа көбірек көңіл бөлуде. Халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – салауатты өмір салты принциптерін сақтау. Сондықтан, азаматтардың денсаулығы мен оны нығайту жолында орта медициналық персонал маңызды буын болып табылады.

Салауатты өмір салтының негізгі компоненттеріне рационалды тамақтану, физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден, атап айтқанда темекі шегу, алкогольден бас тарту, еңбек және демалыс режимін сақтау, психоэмоционалды әл-ауқат, профилактикалық медициналық тексерулер жатады. Мейірбикелер немесе фельдшерлер науқастардың сеніміне ие болып, адамның мінез-құлқына тиімді әсер етуі тиіс.

Орта медициналық қызметкерлері емханада, ФАП-та немесе шақыруларға шығулар кезіндегі жұмыс барысында жеке әңгімелер мен дәрістер өткізе алады, денсаулық күндері мен акцияларды ұйымдастыруға қатысады, денсаулық бұрыштарын және көрнекі үгіт-насихат ұйымдастырады, профилактикалық тексерулерге жіберу арқылы науқастардың жағдайының көрсеткіштерін бақылайды, халықтың екпе алуына, диспансерленуіне және созылмалы ауруларын үнемі бақылауда ұстауға атсалысады.

Профилактикалық жұмыстарға уақыттың жетпеуі де үлкен мәселе. Осыған байланысты халықтың бір бөлігінде мотивацияның төмен деңгейі байқалады. Бұл орайда, медициналық-әлеуметтік ақпараттандыру  бағдарламаларын белсенді енгізу және орта буын қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттыру нақты шешім бола алады.

Қорытындылай келе, орта медициналық персоналдың белсенді қатысуынсыз салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкін емес. Себебі, олар халыққа біртабан жақын және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін білім мен әдеттердің тиімді бағыттаушысы.

Назгүл СЕРҒАЗИНА,
алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының  жетекшісі.

 Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар