Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді қастерлі де айбынды мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тәуелсіздікке деген асқақ арманын, елдік мұратын, біртұтас болмысын бедерлейтін қасиетті құндылықтар. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігін әйгілейтін, әр азаматтың жүрегінде отаншыл рухты оятатын ұлық нышандар.

Көк байрағымыз — көк аспан астындағы бейбітшілік пен бірліктің символы. Елтаңбамыз – тамыры терең тарихымыздың, бірлігі бекем еліміздің берік негізі. Әнұранымыз – ел жүрегінің үні, рухымыздың асқақ әуені.

Бұл күн – тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы үшін туған еліне деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдықты паш ететін ерекше мейрам. Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елге, жерге деген құрмет. Олар – біздің ортақ мақтанышымыз, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі.

Сіздерге амандық, бақ-береке, елдік мүдде жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мемлекетіміздің мерейі асқақтап, көк Туымыз мәңгі желбірей берсін!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында бекітілген болатын. Ал 2007 жылғы 4 маусымда елімізде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды. Осыған сәйкес жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – мемлекеттілігіміз бен бірлігіміз үшін ерекше маңызға ие. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл біздің ұлттық қазынамыз, тәуелсіздігіміздің басты нышандары. Олар еліміздің тарихына, тілі мен мәдениетіне деген терең құрметтің белгісі.

Біз Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, олардың қасиетті мағынасын ұғынып ұрпақ санасына сіңіруге міндеттіміз. Көк байрағымыз талай мәрте халықаралық ареналарда, ақмолалықтардың және барша қазақстандықтардың спортта, білім мен мәдениетте жеткен жеңістері құрметіне көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды. Бұл – әрқайсымыз үшін зор мақтаныш пен  шабыттың көзі.

Мемлекеттік рәміздер күні – еліміздің егемендігін, жалпыұлттық құндылықтарды және жарқын болашаққа ұмтылысты білдіретін мереке.

Бүгінде Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрып жатқан сәтте, бізге бұрынғыдан да бетер бірлік, жасампаз еңбек пен жауапкершілік қажет. Тәуелсіз еліміздің болашағы – біздің ортақ күш-жігеріміз бен прогреске, әл-ауқатқа деген талпынысымызда.

Осы айтулы мереке күні баршаңызға және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, бейбіт өмір, махаббат пен қуаныш тілеймін!

Отанымыз – Қазақстан Республикасына өркендеу мен тұрақтылық тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар