Кадр қызметкерлерінің жұмысына арналды

Семинар

Жуырда Ақмола облысы әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі аудандар мен қалалар әкімдіктерінің кадр қызметтерінің қызметкерлері үшін практикалық семинар ұйымдастырды.  

Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қатысты.  

Семинарда мемлекеттік қызметті атқарудың өзекті мәселелері талқыланды, Президенттік жастар кадр резервіне алдағы іріктеудің талаптары мен кезеңдері, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау талаптары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша өңірлердің кадр қызметтеріне бос лауазымдарды уақытында толықтыру, оған өңірлік кадр резервінің резервшілерін тарту, «е-қызмет» жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін сапалы толтыру бойынша жұмысты белсенді жүргізу тапсырылды.

Семинар барысында кадр қызметтерінің бірқатар қызметкерлері осы саладағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар