Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Жылы лебіз

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам жанына шипа дарытқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі – қоғам үшін баға жетпес байлық. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Бұл өмірлік қағида – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басты бағыттарының бірі. Президенттің тапсырмасына сәйкес, бүгінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, әсіресе, ауылдық жерлердегі жағдайды жақсартуға баса мән берілуде.

Ақмола өңірінде денсаулық сақтау жүйесі жаңа кезеңге қадам басып келеді. Соңғы жылдары аймақта жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, емдеу мекемелері күрделі жөндеуден өтуде, заманауи техникамен жабдықталуда. Ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салынып, телемедицина кеңінен енгізіліп жатыр. Бұл – тек облыстың ғана емес, тұтас елдің медициналық әлеуетінің артуына қосылған зор үлес. Көкшетау қаласында халықаралық талаптарға сай көп салалы жаңа аурухананың, Қосшы қаласында жеке инвестиция есебінен 300 орындық аймақтық клиниканың құрылысы – өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар.

Қадірлі медицина қызметкерлері!

Сіздердің әр күнгі жанкешті еңбектеріңіз үлкен құрметке лайық. Сіздерге халықтың денсаулығы мен өмірі сеніп тапсырылған. Ақ халатты абзал жандар – әр шаңырақтың тірегі, әр науқастың үміті.

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын! Халық сенімін ақтап, әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер!

***

Құрметті денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлері!

 Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі күні ғұмырын адам денсаулығы мен өміріне қамқорлық көрсету сияқты игілікті іске арнаған барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.

Қазіргі заманғы медицина үйлесімді ұжымдық жұмысты талап ететін күрделі жүйе. Бүгінгі дәрігер – бұл тек ем тағайындайтын маман ғана емес, сонымен қатар, денсаулық сақтау менеджері.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлері тап болатын эмоциялық жүктемені де естен шығаруға болмайды. Қиындықтарға қарамастан, сіздер өз жұмыстарыңызды жалғастырып, науқастарды қолдап, демеп, денсаулықты басты құндылыққа айналдырасыздар.

Бүгінде мемлекет қолдауының арқасында аймақта жаңа медициналық нысандар – дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер ашылып жатыр. Ауылдық жерлерге медицина қызметкерлерін тарту мақсатында облыстық мәслихат медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көлемін бекітті. Депутаттардың қолдауымен кейбір санаттар үшін көмек мөлшері 5 миллион теңгеге дейін арттырылды.

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Әрбір медицина қызметкері – күн сайын бұл адам денсаулығы үшін күресетін нағыз қажыр-қайрат иесі. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш және медицина – тек ғылым ғана емес, сезімталдық пен түсіністікті талап ететін өнер екенін еске салып отыратын ризашыл науқастар тілейміз. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар