Келбет
Жастайынан қиыншылықтың зардабын кеңінен тартса да, тағдырсынына төзе біліп, қоғамнан өз орындарын тауып, ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарып, бүгінде еңбегінің зейнетін көріп, немерелерін еркелетіп отырған нәзік жанды апа, әжелеріміз жетерлік.
Осындай жандардың бірі – қазіргі таңда аудан орталығы Зерендіде тұратын педагогикалық еңбектің ардагері Үмітхан Айткенқызымен кездесіп, өмір, еңбек жолы туралы айтып беруін өтінгенедік.
– Мен 1945 жылы 6 наурызда Атбасар ауданының кілең қазақтармекендейтін Жосалы ауылында тудым. Маған дейін әкем АйткенКөпжасарұлы мен анам Зейнеп Ахмедияқызы бірнеше ұрпақ көрседе, олар кішкентайларынан шетіней беріпті. Мен алты жасқа келгенде басынан өткен қайғылы жағдайлардың әсерінен денсаулығы сыр беріп, анам қайтыс болады. Уақыт өтекеле, әкем туысқандарының келісімін алып, екінші рет үйленді. Өзім ес біле бастасымен, Қатша Жанабаева есімді әжемнің тәрбиесінде болдым. Ол кісі өресікең, аса ілтипатты, діни жолды берік ұстанған, жүкті әйелдерді босандырып алуға көмегі көп тиген қолы шипалыжан болатын. Өмір ағымы жалғасын тауып, жергілікті бастауыш мектепті бітіргенненкейін, білім алуды көрші Покровка селосында жалғастырдым. Осы білім ордасындағы оқуымды жақсы аяқтап, Қарағанды педагогикалық институтының биология-химия бөлімшесіне оқуға түстім. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін,сол колхозорталығы Покровкадағы орта мектепте мамандығым бойынша жұмыс істедім. Кейін осы мектепте оқыған, өзіммен тағдырлас, әжесінің қолында тәрбиеленген, Петропавл қаласының педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген Хамза Әнуарбекұлымен отбасын құрдық. Өмірге бауыр етіміз – балалар келді. Олар ержетіп, жүректері қалаған мамандықтарын алып, ел игілігі жолында табыстыеңбек етуде. Ұлымыз Ерлан Петропавл қаласының кеденінде лауазымды қызмет атқарса,қыздарымыз Диана Зеренді аудандық ауруханасында дәрігер болып жұмыс істейді. Дана Астана қаласындағы холдингтіңдиректоры. Күйеу балаларымыз басқа ұлттың өкілдері болса да, жақын туыстай болып кеттік.
Алты немерелеріміз де жетістіктерімен қуантуда. Ұлымның қыздары оқудағы жетістіктері үшін арнайы жолдамамен Ресейдің «Артек» халықаралық балалар лагерінде болып келсе, басқалары да мәртебелі оқу орындарын бітіріп, Испания, Германия мемлекеттерінде жұмыс істейді. Біреуі Петропавл қаласындағы ерекше қабілетті балаларға арналғанлицейде оқиды. Отбасымызбен Зерендіге көшіп келгенімізге аз ғана уақыт өтсе де,көптегенжылы жүзді жандармен танысып үлгердік. Жайлы пәтеріміз орталық алаңға жақын орналасуы себепті ара-тұра болса да,осы жергесеруенге шығып тұрамыз. Кездескендердің көбі сәлем беріп, жастар болса,демалып отырған орындарынан тұрып, құрмет көрсетіп жатады. «Азаматына қарапелін таны» дегендей, мейірбанды жандардың мекеніне қоныс аударғанымызға қуаныштымыз.
Қысқаша айтар болсам, тағдырыма ризамын. Жиырма бес жыл ұстаздыққызмет атқарып, денсаулығымның нашарлауына байланысты осы еңбек өтілімен зейнеткерлікке шықсам да, еңбегім әділ бағаланды. Жоғары санатты ұстаз әрі «Еңбек ардагері» медалінің иегерімін. Қол жеткен жетістіктерім үшін алған әр деңгейдегі құрмет грамоталарым, алғыс хаттарым да жетерлік. Бар еңбек жолын педагогикалық қызметке арнап, сол маңдай тері мемлекеттік наградалармен, басқа даталай марапат түрлерімен аталып өткен жұбайыммен бірге еңбегіміздің зейнетін көріп, балаларымыз бен немерелеріміздің аман-саулығын тілеудеміз.
Тек бір өкініштісі, туған ауылымның тарап кеткені. Жылына бір рет жұртына барып, ескі зиратта жерленген туған-туысқандарымызды еске алып, құран бағыштатамыз, – дейді бізге берген шағын сұхбатында еңбек ардагері.
Апайымыздың естелігіне, өңір тұрғындарына қатысты жылы лебізіне ризашылығымызды білдіріп, сөзіміздің соңында осыдан бірерай бұрын ғана 80 жастың сеңгіріне шыққан абзал жанға әлі де ұзақ жасай беріңіз деген тілегімізді жеткіземіз.
Қайрат ҚАЗИЯҚПАРОВ.
Зеренді ауданы.