Құны 500 миллион теңгеден асатын жер телімі қайтарылды

Прокурор назары

Бурабай аудандық прокуратурасы құқықтық актілерді бағалау барысында жер заңнамасының бұзылғанын анықтады.

Бұл бұзушылық жер ресурстарын басқару бөлімі коммерциялық орман өсіру үшін жеке тұлғаға 36 гектар жер телімін  заңсыз беру арқылы көрініс тапқан. Аталған жер телімі халықтың демалысы мен сауықтыруына арналған рекреациялық аймаққа тиесілі болған.

Қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгінді. Онда мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен жасалған келісім жарамсыз деп танылып, кадастрлық құны 567 миллион теңге тұратын жер телімі рекреациялық мақсаттағы жерлер құрамына қайтарылды.

Қабылданған қадағалау шаралары нәтижесінде аудан орталығы Щучинск қаласында рекреациялық аймаққа тиесілі жерлердің құқықтық режимі қалпына келтірілді. Жер телімінің рекреациялық қорға қайтарылуы аумақтың экологиялық теңгерімін сақтауға және оның мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Алимент төлемегені үшін жауапкершілікке тартылды

Астрахан ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемеген борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 2025 жылдың төрт айында аудан прокуратурасының араласуынан кейін кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарған 3 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Мысалы, борышкер 2015 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, бейресми жұмысқа орналастыру арқылы нақты кірістерін жасырып, алимент төлеуден жалтаруды одан әрі жалғастырған.

Сот үкімімен борышкер Қылмыстық Кодекстің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 250 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Алимент міндеттерін орындамау түбі осындай қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Алиментті уақытылы және толық төлеу – әр ата-ананың парызы. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратураның тұрақты қадағалауында ұсталып келеді.

                          Ақмола облыстық прокуратурасының
материалдары бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар