Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ел игілігі жолында елеусіз еңбек етіп жүрген барша азаматтардың қажырлы қызметіне көрсетілген құрмет. Мемлекеттік қызмет әрдайым жоғары жауапкершілік пен адалдықты, біліктілік пен тиянақтылықты талап ететін мәртебелі міндет.
Сіздердің табанды еңбектеріңіздің, халықпен тығыз байланыста атқарып келе жатқан қызметтеріңіздің нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі дамып, азаматтардың әл-ауқаты артып келеді. Әр шешімнің халық мүддесіне қызмет етуі тиіс екенін терең түсіне отырып, әділдік пен адамгершілік ұстанымдарын басшылыққа алу – Сіздердің қызметтеріңіздің өзегі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткеніндей, мемлекеттік аппарат халыққа ашық, қолжетімді әрі тиімді қызмет көрсетуі қажет. Бұл ретте, сіздердің үлестеріңіз ерекше.
Ақмола облысының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер мен ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!
***
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Полиция қызметкерлері күнімен құттықтауы
Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғам тыныштығын сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау ерлік пен жігерді, биік жауапкершілік пен айнымас сертті, адалдықты қажет ететін абыройлы міндет. Сіздер күндіз-түні халықтың бейбіт өмірі мен елдің тұрақтылығы үшін тынымсыз еңбек етіп келесіздер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау саласын реформалауға, оны заман талабына сай жетілдіруге айрықша көңіл бөліп отыр. Бұл өзгерістерді іске асыруда ішкі істер органдарының орны ерекше. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен табандылықтарыңыз – осы маңызды үдерістің табысты жүруіне кепіл болмақ.
Халықтың құқықтық сенімін нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуде Сіздердің әріптестікпен атқарып келе жатқан еңбектеріңіз айрықша құрметке лайық. Ардагерлерге де алғыс білдіремін! Сіздердің өнегелі жолдарыңыз жас буын үшін үлгі мен өнеге.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, ал қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістік тілеймін!
***
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Барлық депутаттық корпустың атынан кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметшілер тиімді және әділ басқаруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік саясатты іске асыруда және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуда шешуші рөл атқаратын азаматтар.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, адалдықтарыңыз және жауапкершіліктеріңіз мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым мемлекеттік қызметшілердің ел дамуындағы маңызды рөлін атап көрсетеді.
Қазақстан халқына Жолдауында ол «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғам мен билік құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл мәдениетін өзгертіп, оны ашық әрі жауапты еткенін атап өтті.
Бұл күн – қоғамның, елдің және әрбір азаматтың игілігі үшін атқарып отырған жауапты әрі маңызды еңбектеріңізді мойындайтын ерекше күн.
Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, қағидаттылықтарыңыздың және адал қызметтеріңіздің арқасында мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформалар табысты жүзеге асырылуда. Билік институттарына деген халық сенімі нығайып, еліміздің, соның ішінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берілуде.
Сіздердің әрқайсыларыңыз халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз
әрдайым құрмет пен жоғары бағаға лайық болып, халықтың ризашылығына ие болсын. Сіздерге зор денсаулық, тұрақтылық, жаңа табыс және амандық тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
***
Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын!
Осы күнi бiз Ақмола облысының ержүрек және батыл жандарын – полиция қызметкерлерін құрметтейміз. Сіздердің адал да жанқиярлық еңбегінің арқасында өңірде құқықтық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етілуде. Бұл күнделікті қызмет жай ғана жұмыс емес, ол батылдықты, төзімділікті және жоғары кәсібилікті талап ететін нағыз ерлік.
Барша полиция қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің әділдік жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз, қиын сәтте көмекке келуге әрдайым дайын тұруларыңыз елге деген шынайы жанашырлықтың көрінісі. Сіздердің арқаларыңызда Ақмола облысының тұрғындары өздерін қауіпсіз сезініп, болашаққа сеніммен қарай алады.
Сонымен қатар, қазақстандық полицияның қалыптасуында елеулі рөл атқарған ішкі істер органдарының ардагерлеріне айрықша ризашылығымды білдіремін. Сіздердің бауырластықтарыңыз аға буынның үлгісі мен дәстүрін сақтап, жас қызметкерлерге адалдықты, ерлік пен жанқиярлықты үйрететін өмірлік сабақ.
Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері!
Адал және қажырлы еңбегіңіз, таңдаған мамандығыңызға деген адалдығыңыз және қызметтік міндеттеріңізді орындау барысында танытқан жоғары жауапкершілігіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта да сіздердің жүктелген міндеттерді адалдықпен әрі абыроймен атқаратыныңызға, Ақмола облысы тұрғындарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға әрдайым берік болатыныңызға сенімдімін.
Сіздерге бейбіт өмір, мықты денсаулық, қажымас қайрат және кәсіби қызметтеріңізде толағай табыс тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

