Байқау
Ақмола облыстық сотында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты байқау өтіп, судьялар мен сот қызметкерлері Абай сөзін дәріптеу мақсатында сайысқа түсті.
Іс-шара Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Өтегенова, сот ардагері Мейрам Ғибәділовтің құттықтау сөздерімен ашылды. Байқауға 26 судья мен маман қатысты.
Өнер кешінде көрермендер Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін, «Қара сөздерін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін, «Ене мен келін» диалогын, «Өлсем, орным қара жер…», «Сегіз аяқ» толғауын, «Желсіз түнде жарық ай» әнін, «Жастықтың оты, қайдасың?», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін, сахналық көріністі, «Есіңде бар ма жас күнің», «Желсіз түнде жарық ай», «Өлең – сөздің патшасы», «Қалың елім, қазағым…», «Көзімнің қарасы» әндерін және басқа да туындыларын тамашалады.
Байқау комиссиясының құрамына облыстық сот төрағасы А.Жүкенов, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Хасенова, мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Өтегенова, Судьялар одағының Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Т.Бектұрсынов, облыстық соттың судьялары Ә.Жакулин, М.Сатыбалдин, жергілікті соттардың төрағалары Д.Оспанова, И.Әлкенов кірді.
Қазылар алқасының шешімімен «Үздік сахналық көрініс» номинациясы бойынша Степногорск қалалық сотының судьялары Жандос Әбілғазинов пен Мұқағали Ақышев, «Үздік ұлттық киім» номинациясы бойынша қылмыстық істер жөніндегі МАС мамандары, «Көркем сөздің шебері» номинациясы бойынша Көкшетау қалалық сотының бас маманы Әлмира Әбілова, «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша Зеренді аудандық сотының судьясы Аида Кәрімова марапатталды.
Байқаудың бірінші орын иегері МАЭС мамандары, екінші орын иегері МАӘС судьясы Гаухар Нұрманова, үшінші орын иегері Қосшы қалалық сотының маманы Альбина Мұсағалиеваға да сыйлықтар табыс етілді.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
![]()

