Бәрекелді!
Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады.
Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте орындап, қала аспанын күймен тербетті. Осылайша Қопа көлінің жағасы домбыраның сазына шалқыды.
Флешмобқа облыстың түкпір-түкпірінен келген мәдениет ошақтарының өкілдері, фольклорлық ансамбльдер, өнер мектептерінің тәрбиеленушілері мен кәсіби күй шеберлері қатысты. Жас домбырашыларды Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова бастап, көппен бірге күй шертті.
Бұл күні күмбірлеген күй даланың үніне, ұлттың жүрек лүпіліне айналды. Домбыраның қоңыр үнімен сусындаған көпшілік алаңнан ерекше шабытпен тарқасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

