Нашақорлықпен күрес бүкіл қоғамның парызы

Ақмола облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары, полковник Ерлан Ақбаров ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында есірткімен күрес бағытында атқарылған шаралардың қорытындысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте есеп берді. Ол облыс тұрғындары мен БАҚ өкілдеріне «Қарасора-2025» операциясының барысы мен нәтижелері туралы баяндай келе, есірткі қылмыстарымен күресудің қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

– Есірткі қылмыстарына қарсы күрес  біздің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз және қоғамның дамуына деген жауапкершілігіміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз барлық қажетті шараларды қабылдап, есірткі бизнесін түбегейлі жоюға арналған жұмыстарды атқаруға тырысудамыз, – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Есірткімен күрес операцияларының басты мақсаты – есірткі өсімдіктерін жою және синтетикалық есірткілерді тарататын қылмыстық топтардың әрекетін тоқтату. Бір ай ішінде Ақмола облысында 24 есірткі қылмысы тіркеліп, оған қоса, 311 ескерту жасалыпты.

– Бұл деректер біз үшін маңызды индикатор, бірақ, біз өз жұмысымызды одан әрі жетілдіріп, қылмыстың барлық түрлерін анықтау мен алдын алу бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырудамыз, – деп атап өтті полиция полковнигі.

Ақмола облысында есірткімен күрес операциялары аясында жастарға арналған 100-ден астам спорттық, шығармашылық және құқықтық іс-шаралар ұйымдастырылыпты.

– Жастар біздің болашағымыз. Сондықтан, олардың замана кеселіне айналған зиянды әдеттерге әуестенбеуі үшін біз барлық қолдан келген шараларды атқаруға тырысамыз. Олардың осы бағытта дұрыс тәрбие мен ақпарат алуы  – біздің басты міндетіміз. Біз оларды есірткіден қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, – деді Е.Ақбаров.

Облыс аумағында есірткімен күрес  бағытында ұйымдастырылған «Мен өмірді таңдаймын!» акциясына 700-ден астам адам қатысқан. Бұл шара жастарға ғасыр дертіне айналған есірткімен күрестің маңыздылығын жеткізді. Спорттық жарыстар мен ойындар, лекциялар мен кездесулер арқылы тұрғындар арасында есірткіге қарсы күреске деген қоғамдық ынтымақтастықты арттыру көзделді. Сондай-ақ, Ерлан Ақбаров:

– Есірткімен күрес  бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Біздің басты міндетіміз  қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды заң бойынша жауапкершілікке тарту, ал, осы тұрғыда, қоғам алдында тұрған басқа да міндеттер жетерлік,  – деп атап өтті.

Сонымен қатар, есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар бойынша, оның ішінде есірткіге қатысты айыптыларға 20-дан астам хаттама толтырылған. Есірткі бизнесімен күрес бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да бар.

«Карасора-2025» операциясы айдың соңына дейін жалғасады. Полиция департаменті есірткі қылмыстарын жою үшін алдын алу шараларын күшейтіп, жастармен жұмысқа ерекше назар аударуды жоспарлап отыр. Полковник Акбаров атап өткеніндей, қоғамның әрбір мүшесі есірткімен күреске белсене араласуы қажет, бұл  жалпы мемлекеттік және қоғамдық міндет.

– Есірткіге қарсы күресте тек қана заңды шаралар жеткіліксіз. Біздің ең үлкен күшіміз  – қоғамның толыққанды қолдауы. Біз жастарға тек ақпарат беріп қана қоймай, оларға салауатты өмірді таңдауға көмектесуіміз керек. Осы бағытта жүргізілетін жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деп сенеміз, –деп түйіндеді сөзін ол.

Жалпы, есірткімен күреске бағытталған барлық жоспарланған шаралар біртіндеп жүзеге асырылуда. Жастарға арналған ақпараттық-насихаттық жұмыс пен заң бұзушыларды анықтаудың тиімді жүйесі алдағы уақытта жақсартыла түсуі тиіс дейді біздің ойымыз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар