Көзбен көрген бір басқа

Жуырда Ақмола облысына  ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері Муслим Хасенов пен Татьяна Миронюк жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапарының мақсаты әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамалардағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру болып табылады.

Ұлттық комиссия мүшелері Көкшетау қаласы, Атбасар, Зеренді және Бурабай аудандарында еріктілермен кездесіп, әйелдермен акушер-гинекологиялық қызметтің сапасы жөніндегі мәселелерді талқылады.

Сапар аясында ұлттық комиссия мүшелері Отбасыны қолдау орталықтары мен Жастар денсаулығы орталықтарының жұмысымен танысып, Отбасын жоспарлау кабинеттерін және  тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Шанс» дағдарыс орталығын аралап көрді.

Мониторинг қорытындысы бойынша, Ұлттық комиссия мүшелері тарапынан кадр тапшылығы, жалақының төмендігі сияқты бірқатар проблемалық мәселелер анықталып, тиісті ұсынымдар берілді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар