Əркімде жұмыс болса, ол қоғамның адамға игілігі

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Мемлекеттік органдар мен аудандық, қалалық әкімдіктердің басшылары қатысқан кеңесте мемлекеттік инвестициялық жобаларда жұмыс орындарын құру, мемлекеттік жоспарлау жүйелері және өңірдің еңбек ресурстарын кешенді талдау, мониторинг және болжауға арналған жобалардың инновациялық навигаторы мәселелері қаралды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс орындарын ашу мәселелері де көтерілді.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» атты білім беру жобасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша аралық нәтижелер қорытындыланды.

Әлеуметтік игіліктерді әділ бөлу және әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау шараларына арналған қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен тұрақтылығын бағалаудың скорингтік моделін қолдану бойынша түсініктемелер берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, уәкілетті органдарға тапсырмалар берілді.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар