Ата Заңым – айбыным!

30 тамыз қазақ елі үшін мемлекеттік маңызды мерекелердің бірі болды. Осы күні 1995 жылы жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, ол 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.

Біздің еліміз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап, бұрынғы Конституцияның негізінде Ата Заңын қалыптастырды. Себебі, әрбір тәуелсіз мемлекеттің Конституциясының шеңберінде сол елдің өз заңдары мен ережелері қабылданатыны белгілі.

Не себептен Конституция біздің еліміздің ең маңызды құжаты болып табылады? Өйткені, Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалайтын заңдар жиынтығы. Ол қоғамдық және саяси институт ретінде еліміздің өмір сүруінің негізгі принциптерін айқындап, халқымыздың конституциялық мәртебесін ажыратып қана қоймай, экономикалық, тарихи, ғылыми, мәдени және саяси құрылымдарының негізін айғақтайды.

Ата Заңымыздың 1 бөлімінің 1 бабы бойынша Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып танылады. Еліміздің ең қымбат қазынасы – әр азаматтың өмірі, құқықтары және бостандықтары. Бұл біздің заңымыздың негізгі арқауы.

Яғни, Конституция бойынша ең басты қазынамыз – мемлекетіміздің халқы. Ата Заңымызда ел азаматтарының тіршілік принциптері толық қарастырылған. Мәселен, Конституция негізінде республика азаматтары кепілді медициналық, әлеуметтік, мәдени және де басқа көмектерді тегін ала алады. Сондықтан, Ата Заң мерекесі біздің еліміз үшін өте маңызды мейрам болып табылады.

Барша республика халқы Конституция заңдарын қолдап, қорғап, оны орындауға белсенділікпен атсалысып келеді. Біз, жас ұрпақ та білімді, ізденімпаз болып ер жетіп, осыған бір кісідей ат салысуымыз керектігі анық.

Аян ЕЛУБАЙ,
11 сынып оқушысы.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар