Заң және тәртіп
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады. Бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.
Қайта есептеу қорытындысы бойынша қазақстандықтарға жылу үшін шамамен 1,6 миллиард теңге қайтарылатын болды. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады.
Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. Соның ішінде Ақмола облысында да 44,3 миллион теңге қайтарылады.
Осылайша, жүргізілген жұмыс бүкіл ел бойынша тұтынушылар үшін тарифтердің ашықтығы мен есеп айырысудың әділдігін қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефондар арқылы жүгіне алады. Ақмола облысы бойынша (7162) 50-43-63; (7162) 50-43-47.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
дерегі бойынша дайындалды.
![]()

