Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы өткені жөнінде барлығымызға мәлім.
«Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» — делінді Президентіміздің халыққа үндеуінен.
Осыған орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы «Aqmola hub» өңірлік IT-стартап технопаркімен бірлесіп, өңірлік жастар мен студенттер үшін «AI Movement» атты жасанды интеллект бойынша оқыту курсын өткізді.
Оқыту курстың тренерлері болып, «Astana hub» Ақмола облысы бойынша филиалының директоры – Диан Айбашпанов және аталмыш филиалдың контент-менеджері – Қуаныш Мукушев пайдалы ақпараттарм жастармен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың цифрлық құзыреттерін арттыру, тыңдаушылар генеративті жасанды интеллекттің заманауи құралдарын меңгеріп, кибергигиена мен жауапты пайдаланудың дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Бүгін, мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың халыққа жолдауын қолдау мақсатында, жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттерге арнайы жасанды интеллект бойынша оқыту курсын өткіздік. Бұл жаңағы басты назарда тұрған жастар арасында ЖИ-ні дұрыс қолдану керек, чат GPT дейміз т.б. түрлі замануи интеллектілерді айтуға болады. Аталмыш шара, студенттерге пайдалы әрі маңызды болды деген ойдамын» — деп облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков тоқталып кетті.
Курс барысында қатысушылар мәтіндерді автоматтандыруға көмектесетін алдыңғы қатарлы тілдік модельдермен, арнайы платформалар арқылы визуалды және аудио контент генерациясымен, этика, авторлық құқық мәселелерімен және жалған ақпаратты тану тәсілдерімен танысты.
Шараға қала студенттері мен жастары қатыса алды.
Ізгі құрметпен,
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
![]()

