Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

14 қыркүйек – Отбасы күні

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін маңызды және қымбат. Өйткені, өзара сүйіспеншілікке, бір-біріне деген жауапкершілік пен адалдыққа құрылған отбасы қашанда қоғамның іргетасы, рухани-адамгершілік негіздерінің сақтаушысы болған және болып қала береді. Міне, отбасында біз өзіміздің басты құндылықтарымыз – еңбексүйгіштік, бір-бірімізге деген құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік, кемел келешекке деген ұмтылысты сақтаймыз және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз.

«Отбасы институты «Адал азамат» саналы азаматтың еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, ынтымақ сияқты қасиеттерінің қоғамда тамырын тереңге жайып, ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруға шешуші үлес қосуда», – деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отбасы институтын нығайту, әлеуметтік қолдау, отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттері болып табылады. Соңғы жылдары облысымызда ана мен бала денсаулығын сақтау, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында ондаған жаңа мектептер мен медициналық ұйымдар ашылды. Өңірлерде отбасы құндылықтарын нығайту ғана емес, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету басты мақсаты болып табылатын Отбасын қолдау орталықтары ашылуда.

Біз азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейміз. Жыл сайын облыста атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар саны азайып келеді. Мұның барлығы мемлекеттің жүйелі саясатының жемісі.

Құрметті жерлестер!

Біздің өңірімізде тамаша отбасылар көп. Еңбек әулеттері, асырап алған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, көп балалы табысты отбасылар, ұзақ жылдар сүйіспеншілік пен келісімде өмір сүру – бәрі бізге үлгі. Бұл үшін осындай отбасы мүшелеріне рахмет!

Бүгінгі мереке күні әрбір ақмолалықтың отбасына сүйіспеншілік пен келісім, береке мен амандық, зор денсаулық және бақытты болашақ тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан Сіздерді жүректерге жылылық ұялататын айтулы мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ерекше күн Қазақстанда қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде аталып өтеді. Отбасы – адамның тұлға болып қалыптасуына негіз болатын қоғамның ең маңызды бөлігі.

Туған үйдің жылуы, жақындарының сүйіспеншілігі мен қамқорлығы адамға тірек болып, шабыт береді, ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады. Отбасында мінез бен адамгершілік қалыптасып, бүкіл ұлттың болашағына әсер ететін өмірлік құндылықтардың іргетасы қаланады.

Бүгінде еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының басты басымдықтарының бірі отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайту, көпбалалы және толық емес отбасыларды жан-жақты қолдау, сондай-ақ, халық санын арттыру болып табылады.

Ақмола облысында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқаны қуантады. Мысалы, білім беру ұйымдарында саналы ата-ана болуды қалыптастыруға және ұлттық отбасылық дәстүрлерді дамытуға бағытталған ата-аналарды қолдаудың педагогикалық орталықтары мен «Даналық мектебі» клубтары жұмыс істейді. Өйткені, мықты, тату және бақытты отбасы – бұл біздің мемлекетіміздің негізі.

Облысымыздың барлық тұрғындарына, әсіресе, жас отбасыларға өзара түсіністік, құрмет, қамқорлық, рухани жылылық, бақыт және мол махаббат тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен келісім орнасын, ал, әрбір қазақстандық отбасы еліміздің бірлігі мен күшінің берік тірегіне айналсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар