Заңсыз деп танылып, күші жойылды

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша толтырылған хаттаманы заңсыз деп тану және оның лоттар бөлігінде күшін жою туралы жеке кәсіпкер М.-нің «Бөбекжай-бақша» мекемесіне талап қоюы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта келесі жайлар анықталды. Бөбекжай-бақша 47 лотымен азық-түлік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізген. Жеке кәсіпкер М. осы конкурсқа қатысып, ұпайлар дұрыс есептелмегендіктен, тоғыз лоттың қорытындысымен келіспеген.

Ережеге сәйкес, конкурстық комиссия әрбір конкурсқа қатысушының өлшем шарттарына сәйкес ұпай белгілейді.

Сот жеңімпаздардың ұпайларын қайта есептеп, шарттарды тексеріп, конкурсы жеңімпазы жеке кәсіпкер А.-ға 4 лот бойынша 5 балл негізсіз берілгенін, іс жүзінде 2 лот бойынша 4 балл, 2 лот бойынша — 0 балл болуы тиіс екенін анықтады. Екінші жеңімпаз жеке кәсіпкер R.-ға 1 лот бойынша 5 балл қойылған, ал іс жүзінде 0 балл қойылуы керек. Өйткені, өнімге сертификаты және жұмыс тәжірибесі жоқ. Үшінші жеңімпаз жеке кәсіпкер B.-ның 3 лот бойынша көлікке қоса берілген құжаттары жарамсыз болып шықты.

Сонымен, конкурсты ұйымдастырушы осындай заң бұзушылықтарға жол беріп, жеңімпаздарға ұпайларды дұрыс есептемеген. Сотта жауапкердің өкілі мұны мойындады. Прокурор да анықталған жағдайға байланысты талап қоюды қанағаттандыру туралы қорытынды берді. Нәтижесінде сот шешімімен «Бөбекжай-бақша» мекемесіне жеке кәсіпкер М.-нің әкімшілік талап коюы қанағаттандырылып, 9 атау бойынша лоттар мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Талап ішінара қанағаттандырылды

Ақмола облыстық сотының алқасында П.-ның жауапкерлер – ҚР Қаржы министрлігіне, Ақмола облыстық полиция департаментіне қылмыстық қудалау органының заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеу, полиция департаментін БАҚ арқылы ресми кешірім сұрауға міндеттеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

2019 жылғы қазанда полиция тергеушісі талап қоюшы ЖШС және ШҚ-ның басшысы П.-ға қатысты қылмыстық топ құруға, бөтен адамның мүлкін ұрлауға байланысты аса ауыр және ауыр қылмыстар жасады деген айыптаумен қылмыстық істің тергеуін бастады. 2020 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы шілдеге дейін П. қамауда және үй қамағында болды.

2023 жылғы желтоқсанда қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан оңалту, зиянды өтеу құқығын танумен тоқтатылды.

Осыдан кейін П. өзінің қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғандығын, бұлтартпау шараларын таңдау нәтижесінде жұмыс істеуге мүмкіндігі болмағанын, сөйтіп, күн көру қаражатынсыз қалғанын айтып, сотқа жүгінді.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен бұл талап ішінара қанағаттандырылды. Сөйтіп, П.-ның пайдасына 14 миллион теңге материалдық залал, 16,8 миллион теңге жоғалтқан жалақы сомасы, 9 миллион теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Алқа қаулысымен бұл сот шешімі келесі негіздермен өзгеріссіз қалдырылды. От актісі заңды күшіне енді.

Жеңгетай болғаны үшін сотталды

Көкшетау қалалық сотында кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып, жеңгетайлық жасағаны үшін 21 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта келесі жайлар анықталды.

2024 жылдың қыркүйегінде С. кәмелетке толмаған 17 жастағы Ю.-дың интимдік қызмет көрсету туралы сауалнамасын сайтқа орналастырып, оны жезөкшелікпен айналысуға тартқан. С. өз көлігімен оны клиенттерге жеткізіп отырған.

Сонымен қатар, ол 17 жасар Ч.-ның банктік картасын пайдаланып, оның шотына көрсетілген қызметтер үшін ақшалай қаражат аударып отырған.

С.-нің кінәсі жәбірленуші Ю.-нің айғақтарымен, қонақүйлерге келушілердің жазбаларынан алынған мәліметтермен, сотталушының тануы арқылы куәгерлердің айғақтарымен, С.-нің телефонынан алынған кәмелетке толмаған фотосуреттерімен және ақшалай қаражатты толықтыру және алу туралы банктік шоттың үзінділерімен, қонақ үйлердің бейнебақылау камераларының жазбаларымен расталды.

Сот үкімімен С.-ға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы – автомашинасы қоса тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тәртібі дұрыс болмай, үкім қайта қаралды

Жуырда облысымызда сотталған адамға бас бостандығын шектеу түрінде шығарылған үкім бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Іс «Заң мен тәртіп» акциясы және «Рецидивті алдын алу» жобасын іске асыру аясында қаралды.

Біржан сал ауданының прокуратурасы азамат «В»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы іс бойынша ашық сот процесін ұйымдастырды.

Сурет: kodms.ru сайтынан.

Мұндай мақсат бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның орындалуы кезінде құқықбұзушылық жасамау қажеттігін және оның белгіленген талаптар бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылуы мүмкін екендігін ескерту.

Ал, бұл азамат ережелерді жүйелі түрде бұзып, өзіне жүктеген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы себептер шешімді қайта қарауға негіз болды.

Сот ұсынылған материалдарды зерделеп, дәлелдерді негізді деп танып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сурет: encrypted-tbn0.gstatic.com сайтынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар